№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қандай тағамдарды қайта жылыту қауіпті екенін білесіз бе?

Қандай тағамдарды қайта жылыту қауіпті екенін білесіз бе?


Ресейлік диетолог, терапевт Ольга Лушникова қандай тағамдарды қайта жылытуға болмайтынын жеткізді деп хабарлайды.

Кейбір өнімдерді қайта жылытуға болмайды, өйткені мұндай тағамды қолдану қауіпті болуы ықтимал, дейді Ольга Лушникова. Диетологтың сөзінше, әңгіме саңырауқұлақтар, жұмыртқа, сарымсақ, тауық еті және кез келген басқа ет, сондай-ақ күріш, шпинат және қызылша туралы. "Құрамында нитраттар бар, олар нитрозаминдерге айналады және адам ағзасына улы. Егер сізде, мысалы, қандай да бір пісірілген ет сақталса, келесі күні оны салқын түрде жеген немесе тіскебасарға қосқан дұрыс, бірақ оны қайта жылытпаңыз", – дейді ол. Сонымен қатар, маман "асқазан-ішек жолдары проблемалары бар адамдар суық тағамдардан бас тартқаны дұрыс" деген пікірде. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Шайдың қай түрі денсаулыққа қауіпті Бұған дейін диетолог бірнеше күн бұрын дайындалған тағам қауіпті екенін айтқан: онда бактериялар белсенді түрде көбейеді. Ольга Лушникованың пікірінше, дайындалған тағамның қалғанын екі сағаттан кешіктірмей тоңазытқышқа салу керек
24 қыркүйек 2021 ж. 476 0