№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Ресей диетологі Михаил Гинзбургтің айтуынша, қарбызды кейбір адамдар жемегі дұрыс, өйткені ауруын асқындырып жіберуі мүмкін.

Әсіресе диабетке, семіздікке, бүйрек ауруы, атеросклерозға шалдыққан адамдардың жемегені жөн. Себебі қарбыздың құрамында қант, фруктоза көп. Қорытылған қант ағзада майға айналады да, қан тамырының қабынуына себеп болады.
Сондықтан Гинзбург қарбызды аз-аздан жеген дұрыс дегенді алға тартады. Шамамен 200 грамдай жесе жеткілікті.
«Қарбыз – сулы көкөніс. Көп жесеңіз, ағзада су көбейіп кетуі мүмкін. Содан кей адамның қан қысымы көтеріледі», – деп түсіндірді диетолог.Ал қарбызды қай уақытта жеген дұрыс дегенге дәрігер «астан кейін десерт ретінде жесе болады» деп жауап берді.
Ресейдің тағы бір дәрігері, нутрициолог Мария Розанова қарбыздың дәнін көп жеуге болмайтынын айтады. Өйткені ол асқазан жұмысын бұзуы мүмкін.
«Қарбыздың дәнегін жұтып қойсаңыз, түк емес, әрине. Аздап жеуге де болады. Бірақ көп жеу дұрыс емес. Өйткені асқазанға түскен көп дәнек қоқыс сынды үйіліп қалып, ас қорыту жолына зиянын тигізу мүмкін. Одан бөлек, аяғы ауыр әйелдерге қарбыз дәнегін жеуге мүлде кеңес бермес едім. Өйткені дәнекте аллерген көп. Үш жасқа дейінгі балаға мүлде дәнек жегізбеңіз», – дейді тағамтанушы.
08 тамыз 2021 ж. 418 0