№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бала денсаулығын қалай күтуге болады?

Бала денсаулығын қалай күтуге болады?


Бала ағзасында дәрумен (витамин) жетіспеушілігі – қауіпті құбылыс. Көпшілігіміз С,Д дәрумендері қай тағам құрамында болатынын жақсы білеміз. Ал К дәрумені туралы естіген, білген адам некен-саяқ болар.

К дәрумені ең әуелі бауырда қанға қажетті көптеген даму сатыларының түзілуі үшін керек. Сондай-ақ ол бұлшық ет ақуыздары (белоктары) мен асқазан-ішек жолдары ферменттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен бірге К дәрумені қаңқа және жүрек бұлшық еттеріндегі, қысқасын айтқанда, адам ағзасының барлық ішкі мүшелеріндегі күш-қуатты арттырады. Мұның сыртында қан тамырлары жолдарын нығайта отырып, оның сыртқа өтуі мен қан кету қаупін азайтады.
К дәруменінің жетіспеушілігі көбінесе жаңа туған балаларда байқалады. Өйткені, олардың ішек жолдары микрофлорасы әлі жетілмеген. Мұндай жағдайда не істеу керек?
Қанша алаңдатарлықтай болса да, жағдайды дұрыстаудың соншалықты қиындығы жоқ. Себебі, осы бір маңызды дәруменді күнделікті тағамымыздың құрамынан табуға болады.
Сонымен қатар К дәрумені ішекте өздігінен де түзіледі. Тек өкініштісі – ол біздің бір тәуліктік қана зәрулігімізді өтей алады.
Сол себепті өз нәрестеңізді сырқаттардан алдын-ала сақтандырғыңыз келсе, бала көтерген кезден бастап-ақ дұрыс күтінгеніңіз жөн.
Егер де өзіңізге, сәбиіңізге аталмыш дәрумен көлемін шұғыл түрде көтеру қажет бола қалған жағдайда оны қара қарақат жемістері мен бауыр құрамынан көп мөлшерде таба аласыз. Сондай-ақ қалақай, бақбақ, көк салат сияқты көкөністерде кездеседі.
К дәрумені жетіспеушілігінің салдары көптеген қолайсыздық әкелуі ықтимал. Атап айтқанда, кіндік, тері, көз, мұрын, өкпе сияқты кез келген ағзадан қан кетеді. Тағы бір белгісі үлкен дәретке қан араласады. Бұл тәулігіне 3-4 мәрте қайталануы мүмкін. Осыншама қан жоғалтқандықтан бала, әрине, әлсірейді. Дер кезінде шара қолданылмаса, тіпті мүлде қансырап қалуы да ғажап емес.
Қалай емделуге болады? Аталмыш сырқатты арнайы дәрілермен емдеу керек. Өзідігіңізден бірдеңе істеп жүрмеңіз. Қажетті емді сізге тек маман дәрігер ғана белгілей алады.
Дегенмен, жағдайды ушықтырып алмас үшін дәрігерлер барлық жүкті әйелдерге С дәруменіне және темірге бай тағамдарды көбірек пайдалануды ұсынады. Ал С дәруменінің табиғи көзі қара қарақат, лимон, итмұрын, түрлі-түсті капуста және картоп болып табылады.
24 мамыр 2018 ж. 1 699 0