№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Минералды судың қауіпті екенін дәрігерлер ескертуде

Минералды судың қауіпті екенін дәрігерлер ескертуде

Диетолог минералды судың емдік түрін дәрігер кеңесімен ғана ішу керек екенін айтады. Өйткені кальций элементі көп суды шамадан тыс ішудің салдарынан бүйректе тас жиналуы мүмкін. Минералды судың құрамында сан алуан пайдалы микроэлементтер бар. Алайда осы санаттағы сусындар денсаулыққа зиян келтіріп, бірқатар ауруға себеп болуы әбден мүмкін.
Минералды судың түрлері
Бүгінде минералды судың үш түрі өндіріледі. Олар: ас суы, шипалы су және емдік ас суы. Диетолог Елена Соломатинаның айтуынша, олардың құрамында тұздың мөлшері әртүрлі. Бұдан бөлек, минералды су "сілтілі" және ""қышқылды" болып бөлінеді. Мұны pH көрсеткіш бойынша анықтайды.
"Бұл сулардың минерализациясында да өзгешелік болады. Мысалы, шипалы судың минерализациясы жоғары, бір литрге 10 грамм тұз келеді. Емдік ас суда 3-10 грамм болса, ас суының бір литрінде тұздың мөлшері 3 грамнан аспайды", - дейді Соломатина.

Қандай суды ішу керек?

Ас суын күнде іше беруге болады. Оның нақты нормасы жоқ. Барлығына бірдей пайдалы.
"Ас суына шектеу жоқ. Тәулігіне 1,5-2 литр іше беруге болады. Шай қайнатасыз ба, кофе ішесіз бе, тамақ пісіресіз бе, өз еркіңіз. Себебі минерализициясы төмен және тұзы аз, ағзаға пайдалы", - деп атап көрсетті Соломатина. Ал тұздың мөлшері көп судың барлығын бірдей іше беруге болмайды. Себебі ондай суды емдік мақсатта пайдаланады. Мәселен, асқазан, құяң, ұйқы безі, бауыр, қант диабеті мен қуық жолдарының ауруы кезінде шипалы суларды ішуге кеңес береді.
"Сосын pH-тың деңгейін де ескеру керек. Оның орташа көрсеткіші – бір литріне 7 моль. Одан жоғары болса, сілтілі суға жатады. Ондай суды асқазан қышқылдылығы жоғары болғанда пайдаланады. Гастрит, асқазан жарасы, зәр қышқылы тұздары болғанда ішеді", - дейді диетолог.

Шипалы судың зияны неде?

Диетолог минералды судың емдік түрлерін жайдан-жай ішпеуге кеңес беріп отыр. "Ішекті тазалаймын" деген сылтаумен де пайдалана беруге болмайды.
"Емдік суды тек дәрігердің кеңесі бойынша ғана пайдалану қажет. Себебі кальций элементі көп суды іше берсеңіз, бүйректе тас жиналуы мүмкін. Бұдан бөлек, емдік судың салдарынан қанда кальцийді мөлшері артып, гиперкальциемияға тап болуыңыз ықтимал", - деді Соломатина.
Ал гиперкальциемия кезінде қанның ұю процесі бұзылады. Содан тромбтар өсіп, инсульт пен инфаркт болады. Сосын кальций жүректе жиналып, аритмияға әкеліп соқтырады.
"Судың температурасы туралы айтатын болсақ, жылы су өт шығару жолдарын кеңейтіп, тамақтың қорытылуына көмектеседі. Ал суық су зат алмасу процесін жетелдетеді, іштің қатуын тоқтатады", - дейді диетолог.



28 қаңтар 2020 ж. 1 255 0