№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мақсат – дәнді ысырапсыз жинап алу

Мақсат – дәнді ысырапсыз жинап алу


Аудан әкімі Руслан Рүстемов екі аптаға созылған еңбек демалысынан кейін жұмысқа түсіп, жоспарлы жұмыстардың атқарылуының мән-жайын анықтау үшін түске дейін тиісті сала басшыларын жинап, түйінді мәселелер жөнінде кеңесті. Оның ішінде, Жаңақорған кентінде жүргізіліп жатқан мектеп құрылысының барысы және үй-үйге ауыз суды сервистік кіргізу жұмысы жөнінде талқылады.
Түстен кейін Сыр беткейді бағытқа алды. Мақсат – күріш алқабына барып, дәнді дақылды судан тарту, сондай-ақ, биылғы аяқ судың тапшылығына байланысты күрішті пісіп-жітілдіру амалдарын пысықтады.
Әрине, мұндай шаруа кабинетте бітпейді, сондықтан шаруалардың жұмысын бағдарлауда жұмысты көзбен көрудің маңызы өте зор.


Биыл 7000 гектарға күріштің дәні тасталса, соның 1250 гектары «Түгіскен ТШ» ЖШС-ның еншісінде. Күріштің жоғары репродукциялы тұқымын көбейту және өндірумен шұғылданатын серіктестік 60 гектарға күріштің жаңа сорты – «Сыр сұлуын» жерсіндіру мақсатында тұңғыш рет екті.
Тұқым шаруашылығының төрағасы Немат Рүстемов ала-жаздайғы еңбектің ризық-несібесін шашпай-төкпей жинап, қамбаға дән құятын уақыттың жақындағанын айтты.
– Қазір «Сыр сұлуын» орақ салуға дайындап жатырмыз. Бірнеше күнде қырманға дән тасуды бастаймыз. Биыл күріштің шығымы жақсы, – деді төраға.
Аудан әкімі:
– Неге «Сыр сұлуынан бастағалы жатырсыздар? – деді.
– «Сыр сұлуының» вегитациялық кезеңі 90 күн. Қазір 60 гектарға еккен «Сыр сұлуы» толық пісті. Құдай қаласа, 27 тамызда «Алтын дән-2021» науқанына дайындалып жатырмыз. Яғни күрішке жаппай орақ салатын күн жақын, – деп жауап берді.
Руслан Рүстемұлы келесі сұрақты аудандық ауылшарушылығы бөліміне бағыттап:
– Талғат Бимағанбетұлы, биыл күріштің көлемін 1346 гектарға азайттық. Солай бола тұра, күрішті толық мөлшерде жинап алуда қауіп жоқ емес. Қазір сіздер жағдайды саралап отырсыздар ма? Тығырықтан қалай шығамыз? Қандай тәсілдерді қолданамыз? – деді.
– Сырдария өзенінде 150 текше метр су ағуда. Алдағы уақытта 50 текше метрге дейін азаяды. «Келінтөбе» магистральдық каналының сағасындағы (бас жағы) Қаратөбе, Келінтөбе, Аққорған және Қожакент ауылдық округінде күрішке маманданған шаруа қожалықтарға су жетіспеушілігі сезілуі мүмкін. Бірақ күріштікке су толтырып алу тәсілі арқылы дәнді дақылдың вегитациялық кезеңін сақтаймыз деп отырмыз. Мәселен, бір атызға толтырып алған су 6-7 күнге дейін сақталады десек, одан кейін мүмкіндігіне қарай суды аз мөлшерде жіберіп, топырақты лай күйінде 3-5 күн ұстауға мән беріледі. Яғни «Лидердің» вегитациялық 110 күніне жеткізуді амалдаймыз, – деп жауап қатты бөлім басшысы Талғат Зейдалиев.
– Мақсат – күріштің вегитациялық кезеңіне толтыруға мән беріп, дәнді дақылды шашпай-төкпей жинап алу керек. Осыны ұйымдастыру жұмыстарына жауаптысыз. Осыны ұмытпаңыз, – деп нақты тапсырма берді аудан әкімі.
Аудан әкімі «Түгіскен ТШ» төрағасы Немат Рүстемовке қыр беткейдегі ағайынға 4000, Арал ауданына 2000 пресс шөп жөңелтуде белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіріп, күзгі қырман дәнге толы болуына тілектестік білдерді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
24 тамыз 2021 ж. 441 0