№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауылшаруашылығының Арнасы

Ауылшаруашылығының Арнасы

   Жаңақорған ауданы географиялық тұрғыда өте қолайлы орналасқан. Қаратаудың бұлақ-өзендері мен қыр-сайы, Сырдариядан бастау алатын каналдары мен шабындықтары, Қызылқұмдағы жайылымдық жерлер мал және егін шаруашылығының дамуына ыңғайлы. Мұндай артықшылықты аудан еңбеккерлері тиімді пайдаланып отыр деуге болады. Оған ауданда егілетін бақша және дәнді дақылға сұраныстың жоғарылығы және төрт түліктің саны жыл санап артып келе жатқаны дәлел. Тіпті, Сыр өңіріндегі төрт түліктің үштен бірі біздің ауданда деген дерек те бар. Бұл – аудандағы шаруа қожалықтардың белсенділігін көрсетсе керек-ті.

ДАҚЫЛДЫҢ САПАСЫ – ДӘНІНЕН

Жаңақорғанда ауылшаруашылығы өндірі­сімен айналысатын 957 шаруашылықтың 503-і егін шаруашылығында жұмыс жасайды екен. Оның ішінде, 203-і биыл күріш өсірумен айна­лысады. Солардың ішінде «Түгіскен» шаруашылығын бөліп-жарып айтуға болады. Тәжірибелік тұқым шаруашылығы 1400 гектар жерге дақыл ексе, негізгі дақыл күріш 500 гектарға себілді. «Түгіскен» мемлекеттік тәжіри­белік тұқым шаруашылығы» ЖШС жиырмадан астам жылдан бері жұмыс істейтін бірден-бір тұқым шаруашылығы. Мұнда соңғы жылдары күріштің «Маржан» сұрыбы өсіріледі. Қазіргі кезде күріштің жаңа сұрыптары өндіріске енгізілуде. «Фаворит», «Лидер» және «Нова­тор» деген сұрыптарын тәжірибеден өткізді. Нәтижесінде «Лидердің» біздің жерімізге қолай­лы екендігі байқалды. Бұл дақылдың бас­қаларынан артықшылығы пісіп жетілу мерзімі ерте әрі өнімі де жоғары. Оның сыртында шаруа­шылықта «АйКерім» атты жергілікті сұрып тәжірибеден өткізілуде.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Тұрған Базарбаевтың сөзінен белгілі болғандай, ауданда күріш шаруашылығының көкжиегі күн санап кеңеюде. Айқын көрінісі, күріштің жоғары репродукциялы сорттарын өндіріске енгізу бағытында 2066 тонна күріш тұқымы, оның ішінде, сорттар бойынша: 956 тонна – Лидер, 1050 тонна – Маржан, 40 тонна – Фаворит, 10 тонна – Анайт және 10 тонна АйКерім сорттары себілген. Егілген 7700 гектар күріш дақылының 71 проценті Маржан, 29 проценті Лидер, Фаворит және АйКерім сорты екен.
Расында, күріштің өнімділігі сорттың және оның тұқым шаруашылығын жүргізудің маңызы зор. Сондықтан күріш өсіретін барлық елдерде жоғары өнімді, жарма сапасы жоғары, ауруларға және жергілікті жердің климаттық жағдайларына бейімделген сорттарын шығарып, өндіріске енгізуге көп көңіл бөлінеді.
Алайда, селекциялық жұмыстар түрлі әдістерді, оның ішінде, негізінен, будандастыру әдісін пайдаланып ұзақ жылдар бойы жүргізу әркімнің қолынан келе бермейді. Осы тұрғыда айтқанда, ауа райының қолайсыз жағдайлары мен топырақ ерекшеліктеріне көп қауіптенбей Сыр өңірінің барлық күріш өсіретін шаруашылықтарында егіп, тұрақты мол және сапалы өнім алуға толық мүмкіндік беретін АйКерім сортын Керімхан Егізбаев Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен бірлесе отырып шығарды. Бүгінде Айкерім мемлекеттік сорты сынақтан өтіп, Сыр өңіріндегі «Мағжан и К», «Таң», «Агротехнология», «Ер Али» және «Түгіскен» шаруашылығы секілді ірі-ірі шаруашылықтарда да өндірістік сынақтан өтіп, көбейтілуде.
  АйКерім сорты минералды тыңайтқыштардың орташа және жоғары дозаларында, көпжылдық шөптердің қыртысы мен аударма қыртысында жоғары өнім береді.
Солтүстік және Орталық аймақтарда тұқымын сеуіп суға бастыруды 10 мамырға дейін, ал, Қызылорда облысының оңтүстік аймағы мен Түркістан облысында – 15 мамырға дейін аяқтағаны дұрыс. АйКерім сортын, негізінен, Орталық және Оңтүстік аймақтарда өсірген тиімді, – дейді ғалым Керімхан Егізбаев.

Иса БЕРКІМБАЙ.

14 мамыр 2019 ж. 966 0