ҚҰРМЕТТІ ТАБИҒИ ГАЗ ТҰТЫНУШЫЛАРЫ!
Газ жабдықтарын пайдалану ережелерін сақтау Сіздің өміріңізді сақтаудың басты факторы!
Күнделікті өмірде газды пайдалану кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін желдеткіш каналдарының жарамдылығы және қалыпты тартымның болуын тексеру жүргізу қажет.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үйлерде тұрмыстық газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалануды, түтін мен желдеткіш каналдарының жағдайына олардың иелері жауап беретінін еске саламыз.
Бөлмеде газдың иісі пайда болған жағдайда, газ құрылғыларын қолдануды дереу тоқтатуыңыз керек, әр құрылғы алдындағы шүмекті жауып, содан кейін терезелер мен есіктерді ашып, бөлменің барынша желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Жарылыс, өртті болдырмау үшін ашық отты пайдаланбаңыз, электр жарығын, электр құрылғыларын қосуға немесе өшіруге болмайды.
104 нөмірі бойынша апаттық газ қызметіне қоңырау шалыңыз.
Иіс газбен улануды болдырмау үшін желдеткіш және түтін каналдарын мерзімді тексеруден өтуі керек екенін ескертеміз:
Газ тек онымен дұрыс қолданған кезде ғана қауіпсіз болады.
Жоғарыдағы ұсынымдарды сақтаңыз. Тұрмыста газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін елемеу күтпеген салдарға әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Өзіңіздің өміріңізге және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіз.