Өртке көбіне өзіміз кінәліміз
Өрт – бұл кездейсоқ жағдай екенін жиі естіп жатамыз. Бірақ бұл олай емес. Тілсіз жаудың орын алуына көбінесе тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы да себеп болып жатады.
Суық түскеннен бастап тұрғындардың электротехникалық және жылу шығаратын құрылғыларды белсенді пайдалануы басталады. Осы кезеңде дәстүрлі түрде тұрмыстағы өрттердің негізгі себептеріне: отты абайсыз пайдалану, электр жабдығының ақаулығы, пештер мен тұрмыстық электр жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің бұзылуы жатады.
Осындай оқиғалардың алдын алуда Жаңақорған ауданының Азаматтық қорғау гарнизоны қызметкерлері ауданда сәрсенбі және жұма күндері өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарын сақтауды ескертіп отыруды қалыпты жағдайға айналдырды. Ескерте кететіні, үйде тұрған пештер жарамды күйде болуы және өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Пештер бұл тек жылу көзі ғана емес, сондай-ақ өрттің туу мүмкіндігі екенін де есте сақтау керек. Көбінде пештерді қараусыз қалдырғанда қауіп көп төнетінін де ұмытпаған жөн.
Есіңізде болсын, өрт от пен ұшқынның пештер мен түтін арналарын қалауда жарықшақтар мен тығыздық арқылы өтуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты пештер мен түтін құбырларына үнемі мұқият тексеру жүргізу, анықталған ақауларды жою, қажет болған жағдайда жөндеу жүргізу қажет.
Сондай-ақ, үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабу, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр және электр құралдарын қоспау, телефон сымын розеткадан шығару қажет екенін де мамандар қатаң түрде ескертеді.
Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау – бұл сіздің игілігіңіздің, сіздің өміріңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтаудың кепілі! Өрт сөндіруден гөрі алдын алу оңай!
Шыңғыс Жәдіков,
Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты