№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қысқаша тұйықталу мен уланудан абайлаңыз!

Қысқаша тұйықталу мен уланудан абайлаңыз!

2019 жыл аудан көлемінде тұрғын үй секторында 28 өрт орын алса, 14 өрт оқиғасы, яғни 50 процентінің шығу себебі электр желісінің қысқаша тұйықталуынан орын алды. Демек тоқ көздерінен келетін қауіптің кеселі көп деген сөз.

Жалпы қысқаша тұйықталу электр қондырғылары изоляцияларының бүлі­­нуінен, тоқ жүретін бөліктерінің бір-бірімен немесе жермен тікелей, не болмаса өткізгіштер арқылы тиіп жанасуынан болады.
Тұрғындар тұрғын үйлерде тоқ көзіне бір мезгілде шамадан тыс электр құралдарын қосқан кезде, сымдар қатты қызып, жалғап тұрған оқшаулағыштар жанып кету оқиғалары көбеюде. Тізбектегі ток күші мүмкін болатын шамасынан артып кеткенде, қысқа тұйықталу пайда болып, өрт оқиғасы орын алуда. Сонымен қатар жаңадан салып жатқан тұрғын үйлерде электр сымдарын дұрыс жүргізбеу мен сапасы төмен электр сымдарын пайдалаудың соңы төтенше оқиғаларға алып келуде.
Жыл басынан бері аудан көлемінде тұрғын үй секторында 31 өрт орын алса, 7 өрт оқиғасы, яғни 22 процентінің шығу себебі электр желілерінің қысқаша тұйықталуынан орын алған. Тұрғын үйлерде қысқа тұйықталу кезінде өртті және ток көзінің бүлінуін болдырмау үшін электр тізбегіне балқымалы сақтандырғыштарды (автоматтарға) қосу керек.
Тұрмыстағы өрттердің басым бөлігі тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан орын алады. Электр құралдарын пайдалану кезінде электр шамдары мен жарықшамдарды қағазбен, матамен және басқа да жанғыш материалдармен жабуға тыйым салынады. Сондай-ақ, стандартқа сай емес (қолдан жасалған) электр құралдарын қолдануға, желіге қосылған электр құралдарын қараусыз қалдыруға, электр тарту, қосу құралдарын жанғыш затқа орнатуға жол бермеуіңіз керек.
Көмірқышқыл газынан иістену жылыту маусымында көп кездесетін төтенше жағдайдың бірі. Жылу беру маусымында тұрғындар көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға түсіп жатады. Сондықтан көмірқышқыл газынан иістену және оның алдын-алу іс-шаралары қазіргі таңда өзекті мәселеге айналды.
Көмірқышқыл газынан уланғанын адам мүлдем сезбей қалуы мүмкін. Көмірқышқыл газы ауа атмосферасына жанудың әсерінен пайда болып таралады. Ол газ және майлы пештер, ағаш, көмір пеші, газ құрылғылары, бассейндердегі су жылытқыштар және двигательдерден шығатын газдар. Өрт болып жатқан жерде немесе пеш құбырларының жарылуы, бітелген түтін жолдары, бітелген құбырлар, иісті газдың тұрғын үй немесе басқа да жабық бөлмелерде иісті газдың жинақталуына әкеліп соқтырады.
Ескерте кететін жағдай, егер төтенше жағдай орын ала қалса, онда бірден төтенше жағдайлар бөліміне «112», өрт сөндіру қызметіне «101», газ құбырларын жөндейтін мекемеге «104»-ке хабарласқаныңыз абзал. Естеріңізде болсын, зардап шегуші адамға иісті газ концентрациясы бар жерде көмектесу үшін алдымен өзінің уланып қалмау қауіпсіздігін сақтау керек. Ол үшін қол орамал, дәке немесе киімдерді сулап сол арқылы тыныс алу керек.
Иісті газбен уланудың алдын-алу шаралары, пеш және пеш құбырларының жарылуын болдырмау, бітелген құбырларды, турбаларды тазалап түтін жолдарын ашу. Пешке от жаққанда, отын салғанда есік-терезелерді ашып үйді таза ауамен желдетіп тұру және оттың жанғанын қадағалап тұру керек. Әсіресе жатар уақытында оттың жануын қадағалау, өйткені адам ұйықтағанда иісті газбен уланғанын сезбей қалады және өрт салдарына ұласу процесі қадағалаусыз өршуі мүмкін. Өрттен сақ болайық.

Елжан ШЕГЕБАЕВ,
аудандық төтенше жағдайлар
бөлімінің бас маманы

13 қазан 2020 ж. 697 0