№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » COVID-19: 174 адам індетке ілікті

COVID-19: 174 адам індетке ілікті

Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұрғалы апта асты. Эпидемиологиялық ахуал оңалар емес. Қызылорда облысында 220 науқас ем алып жатса, оның 174-і жаңақорғандық. Аудандық аурухананың биылғы жылдың 2 тамызындағы мәлімет бойынша «COVID-19»инфекциясымен 692 науқас тіркеліп, 508 науқас емделіп шықса, 174 науқас ем алуда. Үй жағдайында бақылауда жатқандар саны – 84.

Аудандық жұқпалы аурулар бөлімінде 48 науқас, КВИ 2 стационарда – 40 науқас,  облыстық медициналық орталықта 1 науқас, облыстық психдиспансерде 1 науқас  ем алып жатыр. Өкінішке орай 10 науқас қайтыс болды.  Аудандар арасында көш бастап, күніне 7-10 науқас тіркелуде. Алаңдатарлығы, тұрғындар жұмысқа қажетті ПЦР тест тапсыру барысында анықталуда.
02 тамыз 2021 ж. 639 0