Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 534

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Аудандық ауруханада 123 науқас ем алуда

Аудандық ауруханада 123 науқас ем алуда

Бүкіл әлем короновируспен күресудің жауапты кезеңінде тұр. Ауданымызда эпидемиологиялық ахуал күрделеніп, індетке шалдыққандар саны күрт артуда. Мұның себебі, вакцина салуға селқостық танытып, түрлі жалған ақпараттарға, дәйексіз дақпырттарға сенуден туындауда. Аудандық ауруханада 123 науқас, үй жағдайында 56 науқас бақылауға алынған. Жұқпалы аурулар бөлімінде 49 науқас, оның ішінде 3 науқас жан сақтау бөліміне алынса,1 науқастың жағдайы өте ауыр.


Вакцина қабылдауға тиісті, экономикалық тұрғыдан белсенді болып саналатын 35000-нан астам жаңақорғандықтардың 49%-дан астамы ғана вакцинацияның бірінші компонентін, 35%-ы ғана екінші компонентін толық қабылдаған.

Вакцина қабылдамағандар короновирустың қазіргі штаммына шалдықса, айналасындағы кемінде 5-6 адамға дейін жедел жұқтырып, қысқа мерзімде орны толмас жағдайларға душар етіп отырғанын ресми ақпарат көздерінен көріп отырмыз.

Сондықтан назарларыңызға ресми ақпаратты жеткізе отырып, уақытты ұттырмай әлем жұртшылығы мойынсынған вакцина алуға шақырамыз.

Адам көп жиналатын той-жиындардан бас тартып, карантин талаптарын қатаң ұстануымыз қажет.

Өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығын ойлап, індеттің таралуына жол бермейік, ағайын!
01 тамыз 2021 ж. 956 0