№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » COVID-19: Қызылордада жазылып шыққан алғашқы науқас Оңтүстік Кореядан келген

COVID-19: Қызылордада жазылып шыққан алғашқы науқас Оңтүстік Кореядан келген

Бүгін өңірдегі жазылып шыққан алғашқы науқас – Қызылорда қаласының тұрғыны. Ол 1 наурызда Оңтүстік Кореядан келіп, 14 күндік карантиндік бақылауда болған.
Карантин кезінде ешқандай өзгерістер болмағандықтан, үй жағдайындағы бақылауға алынады.
Кейіннен, 2020 жылдың 26 наурызында аймақтық емханаға дене қызуымен шағымданып, тексеру барысында аталған инфекция белгілерінің болуына байланысты, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.
Науқастан COVID-19 вирусының зертханалық талдамасы расталып, клиникалық хаттамаға сәйкес ем жүргізілді.
Бүгін, 13 сәуірде науқастан екі рет қайталама зертханалық талдамалары алынып, теріс мәнді және жалпы жағдайының қанағаттанарлық болуына байланысты, үй жағдайына шығарылып жатыр.
Науқас алдағы уақытта да 14 күн аймақтық емхананың бақылауында болады.
13 сәуір 2020 ж. 727 0