Коронавирусты жеңудің жолы – вакцина салдыру
Жаңақорған ауданаралық емхананың эпидемиолог дәрігері Асхан Отарбеков:
– Ауданда эпидемиологиялық ахуал күрделеніп келеді. Бүгінде 54 науқас тіркелді. Оның 27-і симптомсыз түрі. Қалғаны жұқпалы аурулар бөлімшесінде ем алуда.
Наурыз мерекесі кезінде адамдар шектеу шараларына қарамастан көптеп жиналып, ұжымдық, отбасылық жиындар жиі өткізілді. Осының әсерінен індет жұқтырған адамдар қатары артты.
Енді коронавирусты жеңудің жалғыз жолы – вакцина салдыру. Бүгінге дейін 200 дана «Спутник-V» вакцинациясы медицина қызметкерлеріне салынды. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы азаматтар ерікті түрде салды. Айта кететіні, вакцина салдырған адамдар 3 күнге дейін ыстық-суыққа күтініп, дәрігердің бақылауында болйы тиіс.
Коронавирустың алғашқы толқыны кезінде қаншама жақындарымыздан айырылып қалдық. Осыдан сабақ алуымыз керек.