№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Міндетті вакцина: 18000 тұрғын екпе алды

Міндетті вакцина: 18000 тұрғын екпе алды

Шілденің шіліңгір ыстығында қауіпті індет – коронавирусты жұқтырғандар саны күрт өсіп, анти-рекорд тіркелді. Бұл екпе алудың маңызын меңзей түсті. Біздің ауданда эпидемиологиялық ахуал толық тұрақтанған жоқ. Мұның себеб-салдарын мамандардан сұрадық.
Міндетті вакцинаның мерзімі ұзартылып, екпенің бірінші компоненті 2021 жылдың 10 тамызына дейін, екінші компоненті 1 қыркүйекке дейін салдыру міндеттелді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің ең өзекті мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу», – деп вакциналаудың маңызын түсіндірді.
Елімізде 3502814 адам вакцина алса, оның
18 000-ы жаңақорғандықтар. Мұны ауданның бас эпидемиолог-дәрігері Асхан Отарбеков растады.

– Үнділік «дельта» штаммы облыстан шығып, ахуал күрделене түсті. Енді сақтық шараларын күшейте түсу керек, – деді ол.
Елде коронавирус жұқтырғандар саны артып, эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Тіпті сағат сайын цифрлар өзгеріп, вирусты жұқтыру фактісі артуда. Оның дәлелі бір аптаның ішінде 5000-нан астам адамнан вирустың белгілері анықталды.
Дәл қазір эпидахуалды бағалау матрицасы бойынша Сыр өңірі «қызыл» аймақта тұр. Коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7977 жағдайы орын алды. 5562 ауру ошағы тіркелді, оның ішінде, 4964 ошақ жабылды, ал, белсенді ошақ саны – 598. Үй ошағының саны – 510 болса, ұйымдасқан ұжымдарда – 88.
Кеше облыста 140 науқастың тіркелді. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Тарқататын болсақ, Қызылорда қаласында – 109, Аралда – 10, Қазалыда – 8, Шиеліде – 6, Сырдарияда – 3, Қармақшыда – 2, Жалағаш пен Жаңақорғанда – 1 науқас тіркелді. Науқастың 20-сы 14 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде, 1 жасқа толмаған 3 нәресте қауіпті індетпен күресуде. Айта кетерлігі, індетке шалдыққандардың 90 пайыздан астамы екпе салдырмағаны белгілі болды.
Ғалымдар мен сарапшылар ахуалдың күр­делену түсуін «дельта» штаммымен бай­ланыстыруда. Рессейде вирус жұқтыру қар­қыны күшейді. Санк-Петербургта ауырған науқастар саны күрт өскені сонша, аурухана тапшылығы сезілуде. Қазақстанда 13 науқас осы кеселмен күресуде. Оның жұқтыру қауіптілігі өте жоғары болғандықтан бір сәтте 6 адамға өтеді. Қызылорда облысында да бұл штам түрін жұқтырғандар анықталды. Бұл туралы аудандық санитариялық эпидемиологиялық басқармасының басшысы Шынар Айдарова:
– Ауданда халықтың көпшілігі екпенің бірінші бөлігін алды. Екінші бөлігін алушылардың біршамасы уақытынан кеш алуда. Бұл да өз денсаулығына селқос қараудың бір көрінісі. Екпе алушылар екпе уақытын дұрыс алуды назарда ұстау қажеттілігін еске саламыз, – деді.
Расында, вакцина егу мерзімі кейінге шегерілуі әлі де екпе алмай жүрген жерлестерге үлкен мүмкіндік. Жаңақорған ауданында ұжымдық вакцина алу қарқынды жүргізілуде. Бүгінге дейін 42 мектептің барлық қызметкерлері екпенің бірінші кезеңін сәтті аяқтады. Мемлекеттік қызметкерлердің 89 пайызы екпенің екі кезеңін сәтті аяқтап, вакцина құжатын алды. Оның ішінде отбасылы адамдар да бар.
– Жолдасым екеуміз екпе алуды бірге бастап, бүгін екінші кезеңінен өттік. Екі кезеңде де ешқандай жанама әсерлер болған жоқ. Бұл бірішіден отбасылық қауіпсіздікті нығайтады, – деді журналист Әйгерім Мырзахметова.
Дәрігерлер коронавирусты құрықтаудың жалғыз жолы – вакциналауда екенін айтып, науқанға жауапкершілікпен қарауға шақырып отыр.

Мақпал ПАТЕНОВА
20 шілде 2021 ж. 363 0