№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЫЗҒАРҒА ЖҮЗ БАР!

ЫЗҒАРҒА ЖҮЗ БАР!


Жанақорған кентінің батыс бөлігінде «Ызғар» елді мекені бар, өткен ғасырдың 60-шы жылдары 50-ге тарта отбасы отырған малшы ауылы. Сол ауылдың басым халқы кентке қоныс аударып, кейінгі кездері әжептеуір құлазып қалған еді. Соңғы уақытта кәсіпкерлік пен егін шаруашылығын жандандыруға жер телімі беріліп, бұрынғы ата қонысқа көшіп барушы көбейді.


Біз еңбек ардагері Жұмахан Айдархановтың шаңырағына түстік. Ат ұстап, атбегілік дәстүрді дамытқан кісі. Жасынан бейнет кешіп, береке терген, бес ұл мен қыз өсіріп, ұрпағын ұзартқан Назира апамыз да дархан көңілдің иесі екен. Аумағы 3 гектар шамасындағы жерді түрлі жеміс ағашымен түрлендірген, құдық қазып, суландырған екен, біз иран баққа еніп кеттік. Дәл мұндай жасыл желекке оранған жайлы орын Жаңақорғаннан көрген емеспіз. Керемет. Ауасы бөлек, бойды сергітті.
–Осындай саялы орынды демалыс аймағына айналдырсақ, ел үшін игілікті іс болар еді, – дейді кәсіпкер ұлы Ерғали Айдарханов. Шынында, мұнда көп шаруа жасалған. Бақ жемісі көмкерген саялы жай, серуендеу алаңы, балалар үшін табиғи шомылу бассейні бар. Қонақтарға сәкі, ыдыс-аяқ, түрлі тағам ұсынады. Қысқа қайырғанда, адам жанына қажет дүние осы жерден табылады. Тек тынығыңыз, жан рахатын сезініңіз.
Кәсіпкерлікке жол ашу және қолдау мақсатында Жаңақорған ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес оның орынбасары Оңал Жанатұлы Ержанов, аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Жарқынбекұлы Сопбеков ел демалысын ұйымдастыру бағытындағы кейбір инфрақұрылымдық мәселені бірге талқылады. Оларға сәттілік тіледі. Ортақ талқыда әулеттің жанашырлары Ермек Қарынбаев, Асқар Жакудаевтар өз ұсынысын айтты. Үйлесімді ой жарасымды орнын тауып жатты.

Ия, мынадай шілденің аптабында күннен қалқалаған көлеңке орынға, салқын суға түсуге кім қызықпайды. Мұндай саялы орыннан оя тапқыңыз келсе – Ызғарға жүз бар!

Жазба иесі Канибек Абдуов
20 шілде 2021 ж. 285 0