№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ПРЕСС-ТУР: тұқым бақта банбук өседі

ПРЕСС-ТУР: тұқым бақта банбук өседі

Сыр өңірінің журналистерімен бірге Жаңақорған ауданындағы елді мекендеріне бет алдық. Пресс-турдың мақсаты – шаруа қожалықтардың әлеуетін бағамдап, тыныс-тіршілігін білу. Бәрінен бұрын, жаңашыл істеріне қанығу, мәселелерін талқылау. Делегация құрамында «Хабар» «Хабар 24», «Қызылорда» телеарнасының тілшілері және «Сыр бойы», «Жаңақорған тынысы» газетінің қаламгерлері бар.

Амантай Сарбасовтың тұқым бағына бардық. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының бойында орналасқан жасыл белдеу ұзақтан көз тартады. Агро-индустриялық аймақта орналасқан тұқым баққа бас сұқ­саңыз шие, алхоры, өрік, шабдалы және алманың 4-5 сортының түрін табасыз. Гүлдің де түр-түрі бар. Саялы ағаштар да көрік беріп тұр. Тропикалық, субтропиктік белдеуде өсетін бамбукты да жерсіндіру қолға алынған.
Журналистерді қарсы алған кәсіпкер Амантай Сарбасов:
– Төрт жыл бұрын жеміс ағаштарының тұқымы себілген еді. Соның 95 пайызы өнді. Оларды будандастыру жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесін көзбен көріп тұрсыздар. Қазір алманың – 14, жүзімнің – 6, өріктің – 5, алхорының – 4, шие мен алмұрттың – 2 түрі бар. Сондай-ақ грек жаңғағын жерсіндірдік. Сәндік ағашының 6 түрі өсіп тұр, – деп бастады сөзін.
Журналистерді тұқым бақтағы көшеттің ерекшелігін және көшетті суару жүйесі қызықтырды.
– Басты ерекшелік – біздің көшеттер кез-келген жерде көктеп кете алады. Себебі тұқымбақ желдің өтінде. Табиғаты қатал жерде жерсінгендіктен өміршең келеді. Мұны тәжірибенің өзі көрсетіп берді. Ал аяқ су мәселесін құдық қазып шешіп отырмыз, – деді.
Алдағы мақсат-мұратымен бөліскен бағбан:
– Табиғи шырын мен тосап жасап шығаратын цех ашуды жоспарлаудамын. Бүгінде нарықта сатылатын шырын құрамына химиялық боямалар қосыл­ғандықтан адам денсаулығына зияны көп, – деді.
Тұқымбақ шаруашылығы статусын алған. Сондықтан «7 KZ Сыр Табиғаты» ЖШС-мен келісімшартқа отырып, мемлекеттен жеңілдетілген қаржы алуына мүмкіндігі бар.
– Үкіметтің бір көшетке бекіткен шектеу бағасы – 687 теңге. Сертификатталған көшеттің жарты бағасын мемлекет төлейді. Егер кәсіпкер субсидия алуды жөн көрмесе, 344 теңгеден алуға болады, – деді Амантай Бектайұлы.
25 қазан 2020 ж. 676 0