№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бағбан болсаң, бақ өсір...

Бағбан болсаң, бақ өсір...

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолының бойындағы агро-индустриялық аймақтағы жасыл желек көзге ұрады. Бұл – «7 KZ Сыр Табиғаты» ЖШС-не қарасты тұқымбақ. Аудан әкімі арнайы аймаққа атбасын бұрып, тұқым бақтың мүмкіндіктерімен танысты.

Кәсіпкер Амантай Сарбасов:
– Төрт жыл бұрын жеміс ағаштарының тұқымы себілген еді. Соның 95 пайызы өнді. Оларды будандастыру жұмыстарын жүргіздік, – деп бастады сөзін.
Агрозонаға бас сұқсаңыз шие, алхоры, өрік, шабдалы және алманың 4-5 сортының түрін табасыз. Гүлдің де түр-түрі бар. Саялы ағаштар да көрік беріп тұр.
– Тұқымбақ желдің өтінде екен. Табиғатқа көшеттеріңіз қалай бейімделді? Суды қалай шештіңіздер? – деді Руслан Рүстемұлы.
– Иә, желдің өтінде. Бірақ табиғаты қатал жерді жерсінген көшет еліміздің кез-келген жерінде алып кетуге бейім болады. Мұны тәжірибенің өзі көрсетіп берді. Бізден алған көшеттерге күтім болса 100 процент көгеріп кетеді. Ал аяқ су мәселесін құдық қазып шешіп отырмыз, – деп жауап қатты Амантай Бектайұлы.
Тұқымбақ шаруашылығы статусын алған серіктестіктің көшеттері сұранысқа ие. Ондағы көшеттерді алған шаруашылыққа субсидия алуға да мүмкіндік бар.
– Табиғи шырын мен тосап жасап шығаратын цех ашуды жоспарлаудамын. Бүгінде нарықта сатылатын шырын құрамына химиялық боямалар қосылғандықтан адам денсаулығына зияны көп, – деді ол.
Ең қызығы, өз ісіне бе­рілген бағбан тропикалық, субтропикалық белдеуде өсетін бамбукты да жерсіндіріпті.
– Жаңақорғанда ағаш егу мә­дениеті қалыптасса, аудан жасыл желекке оранар еді. Тым науқаншылмыз. Тек нау­рыз мерекесінде көшет еге­міз. Көшетті отырғызуын отыр­ғызамыз, бірақ суландыру жүйе­сіне мән бермейміз, дұрыс кү­тіп-баптамаймыз, – дейді Амантай Сарбасов.
Әкім тұқымбақтың мүмкін­діктерімен танысып, кәсіпкерді Жаңақорған кенті мен елді мекендерді көгалданды­руға үлес қосуға шақырды.

Нұрбол БАКИРОВ
27 қыркүйек 2020 ж. 773 0