№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көшесіне көрік берген, көкешім!

Көшесіне көрік берген, көкешім!


Таңертең Жанақорған кентінің Тілеу Тотаев атындағы көшесіне түстік. Ұзын ырғасы бір шақырым көшеге 50 тарта отбасы орналасқан. Тап-тұйнақтай таза, жолды жағалап ағаш егілген. Ол белуардан әктеліп қойылған. Мына көрініс менмұңдалап, кімді болса да баурап алады.
Осы көшеде Асан Нақышпанов тұрады. Кезінде Қаратөбе, Түгіскен, Қожакент ауылдарында бас агроном, Баспақкөл өндірістік кооперативі төрағасы болған маман кісі. Бүгінде зейнеткер, бірақ тыным тауып отырмайтын бақуатты ақсақал. Көше тұрғындарын көтеріп, тазалыққа, көгалдандыруға бас болып жүрген борыш иесі. Денсаулығына байланысты көше комитетін Жақсылық Тасболатовқа тапсырған.
–Ақсақал, осындай жағдайға қалай жеттіңіздер? – дедім оны сөзге тартып,
–Біз ұялы телефонда көше тұрғындарының арнайы тобын ашып қойғанбыз. Әлдене әрекет жасайтын болсақ топ арқылы бір ауыз сөз жеткілікті. Жақында ғана сенбілік өткіздік. Елдің ықыласы үшін үйден Наурыз көше жасатып, жұмыстан соң дастархан басында бас қостық. Тазалықты жаным сүйеді. Бойға қуат, жанға шуақ береді. Көше асфальт, жарық бар. Ендігі шаруаны тұрғындардың бірлігімен атқара береміз, –дейді Асан ақсақал.
Шіркін, кенттегі әрбір көшеде осындай ойлы ақсақалдар тұрса деп тіледік. Аюпов көшесінде Үмбетәлі Абибуллаев дейтін белсенді ағамыз тұрады. Жыл сайын туған жерді түлетуге атсалысушы тұрғындардың арта түскені отыр. Ең бастысы көшені көркейткен көкелер көп болсын.
10 наурыз 2021 ж. 578 0