№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЗАМАНАУИ БІЛІМГЕ КЕЛЕЛІ КӨЗҚАРАС

ЗАМАНАУИ БІЛІМГЕ КЕЛЕЛІ КӨЗҚАРАС


ХХІ ғасыр – білімдінің заманы. Ілімді болу үшін не істемек керек? Әрине, іздену, оқу, тоқу қажет-ақ. Ал, білімділік – бәсекелестікті туындатады. Бәсекелестік – қабілеттіліктің бастауы. Қабілеттілік – жаңашылдық жаршысы. Осы ретте, Мемлекет басшысы «Ең алдымен, жаңашыл жаңалықтарға ұмтылуымыз керек. Сондықтан білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет...» деген еді.
Бір қуантатыны, Жаңақорған балабақшалардың көптігімен ғана емес, кәсіби кадрларымен де мақтана алады. Оған №28 «Алпамыс» балабақшасының тәрбиешілерінің ізденісі дәлел бола алады. Жақында балабақшаның әріптестері арасында жаңа білімді игеруде заманауи көрнекіліктерді пайдалану әдісін көрсететін шеберлік сынып өтті. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісінде драммалық қойылыммен басталған шара көрермен назарын өзіне аударды. Осылай басталған шарада бизиборд технологиясына ұласты.
Бизиборд арқылы баланың ұсақ моторикасын дамыту арқылы баланың сөйлеу тілін дамытатын күнделікті жеке баламен жұмыс жасай отырып, Воскобович әдісін пайдалау тиімділігі түсіндірілді. Көрнекілік ретінде лепбук, фетра бұйымдары және құм терепиясы қолданылды. Бұл ұжым үшін тың жаңалық.
Лепбук – бала танымын артыру мақсатында көмегі зор. Осы арқылы баланың сабаққа ынтасын арттырып, қызығушылығын оятуға болады. Құм терапиясы – баланың шығармашылық қабілетін шаңдауда, ойлай қарымын дамытуда таптырмайтын тәсіл. Ол үшін қараңғы бөлме, шыны және жарық шам керек.
Фетра бұйымдар баланың саусақ моторикасын дамытады. Сезу, пайымдау, зерделеуді үйретеді. Бұл күнделікті сабақтың маңыздылығын артырады. Осыны түсіндірген «Дарын» ересектер тобының тәрбиешісі Маржан Рысова заманауи көрнекілікті күнделікті сабақ барысында тиімді пайдалану тәжірибесімен бөлісті.
Қытай философы Конфуцийдің «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, өзіме жасатсаң – үйренемін» дегендей, жаңа білімге құлшынған ұжым көрнекілікті әзірлеу, кәде-сый жасауды топ балаларымен жасауды қолға алыпты. Топтың қолынан шыққан суреттері, бұйымдары және көрнекіліктері көлемді бұрышқа айналған. Бұрышты таныстырған топ бүлдіршіндері бос уақыттарын тиімді өткізеді екен. Қызметкерлер арасында татулықты, сыйластықты арттыру мақсатында «Мен ұнатқан гүл» ойыны өткізіліп, бір-біріне арнаған тілегі тыңдалды. Тәрбиеші Маржан Рысова «Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы әдіскердің циклограммасы» атты жинағын таныстырып, ондағы тақырыптарды тарқатты.
Шараға қатысқан балабақша тәрбиешілері заманауи тұрпаттағы әдіс-тәсілдердің баланың шығармашылық қабілет-қарымы мен ақыл-ойын арттыратынын сөз етті. Әдіскер Аягөз Нұржанова әріптесінің жаңашыл әдістері балғындарға тәлімді тәрбие, санал білім беруде ұтымды пайдалануға болатынын сөз етті.
Шараны қортындылаған балабақшасы меңгерушісі Динаш Ахметова:
– Тәрбиеші – баланың қамқоршысы. Топтағы әрбір баламен жұмыс жасап, олардың өмір танымын арттыруға, тазалықты үйретуге, әдемілікке баулуға тәрбиешінің әр іс-әрекеті әсер етеді. Сондықтан бала бағбаны болу үшін ең алдымен, заманауи әрі бала қызығушылығын арттыратын құралдарды тиімді пайдалануымыз қажет, – деді.
Шара соңында балабақша басшысы Маржан Рысоваға Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының директоры Бауыржан Елеусіновтің «Алғыс хатын» табыстады.
17 сәуір 2018 ж. 1 727 0