№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БІЛІМ САЛАСЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТАДЫ

БІЛІМ САЛАСЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТАДЫ


Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауында жаһандық бәсекелестікті арттыру үшін, адами капиталға аса басымдық берді. «Бұл заман білектінің емес, білімдінің заманы» ескенін ескере отырып, ағарту саласына серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерді игерудің ілкімді тетіктерін атады.
Жасыратыны жоқ, бүгінде заманауи технологиялар өзгеріске ұшырап, жаһандық ілгерілеушіліктер өзімен бірге сын-қатерлерді де ала келуде. Қарқынды жүріп жатқан жаһандану да ұлт алдына қойған аса күрделі міндеттер қандай? Мұның айқын жауабы көрегенділіктің кермиық көрінісі Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында тайға таңба басқандай көрініп тұр. Мәселен, Президент он басымдықтың бірі ретінде адами капиталды жаңғыртуға пәрмен берді. Расында Қазақстанның ең басты байлығы – алтыны, мұнайы, газы ғана емес, жаңарған өмірге сай жаңа сападағы білімді, еңбекқор халқы. Ел бастаған көсемі – кемел ойлы кемеңгер, халқы ел сүйсінген еңбеккер болса, еңсерілмес қиындық, алынбас асу жоқ. Бүгіні – нұрлы, келешегі – кемел Қазақстан соның айқын айғағы!
Құнды құжатта «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет» делінген. Бұдан әрі бұл міндетті қалай шешуге болатынын тарқатып айтып береді. Мұның ең сүбелісі білім беру бағдарламаларының үнемі әртүрлі өзгерістерге бейім болып шығуы. Жаңа білімді тек осылай ғана меңгеріп тұрудың жөні келеді. Жолдауда орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу тездетілуге тиіс екені айтылады. Мұндай өзгерістер оқу жүйесіне мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар қабылданып, кадрлар тартылатынын аңғартады. Демек сол кезге дейін педагогтерді оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды қайта қарау қажеттігі туындайды.
Оған қоса, стратегиялық құжатта білім беру және ғылыммен айналысудың соңғы әдістері мен жаңаша тетіктерді керек ететіні де айтылады. Бұл барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажеттігін білдіреді. Сол сияқты алдағы жылы мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу мәселесі де тілге тиек етіледі. Сонымен бірге жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына, өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды кірістіруге алып бара алатын қазіргі заманғы жаңғыртуларға арқа сүйеу керектігі де ескерілген екен.
Және де Жолдауда жоғары білім беру жүйесінде ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек екеніне назар аударады. Мұның ыңғайында отандық жоғары оқу орындарының шетелдердегі жетекші университеттермен, ғылыми орталықтармен, ірі кәсіпорындармен және трансұлттық корпорациялармен бірлескен жобаларды жүзеге асыруы керектігін ескертіп өтеді. Бұл жас ғалымдардың ғылыми гранттар аясына квота бөліп, оларды қолдаудың жүйелі саясатын жүргізуге барып ұласады. Сол сияқты жас ғалымдардың білім беру саласына өзінің инвестициялық жобасы мен экспорттық әлеуетті экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын уақыты келгені де қаперге алынады. Осының бәрі біздің қазіргі заманның талаптарына сай келетін мамандарды даярлап шығаруымызға жол ашып береді. Пайымға салсақ, бұл – білім мен ғылым саласы мамандарына беріліп отырған зор мүмкіндік. Тағы бір қуантарлығы, Жолдауда мұғалімдер мәртебесін көтеруге де ерекше назар аударылып отыр. Яғни, «Жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыдан бекіту керек» делінген. Бұған қоса, ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керектігі тағы бар. Айналып келгенде, бұл қадамдардың барлығы «Рухани жаңғыруға» қызмет ететін болады. Білім беру саласының ардагері ретінде бізді Жолдауда маман даярлау сапасын арттыра түсуге көңіл бөлінгені де айрықша қанаттандырады. Иә, қазір аз да болса саз маман әзірлейтін кезең келді. Бұл баяғы бір кездердегідей оқу орындарының топырлатып түлек шығаратын үрдісінің күні кетіп бара жатқанын да байқатады. Мұның бәрі жаңаша ойлауға жатады. Ал жаңаша ойлау туралы білімді ұсыну мен өңдеу инновациялық қоғам үшін аса маңызды екені анық. Түптеп келгенде, білім біздің жоғары оқу орындары мен мамандардың бәсекеге қабілеттігін арттырады.

Зинабдин ШЕРМАҒАМБЕТОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
13 ақпан 2018 ж. 2 281 0