Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі

Бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі


Жастардың азаматтық тұлғасын қалыптастырып, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесін қазірдің өзінде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ, білім беру саласында мемлекеттік білім гранттарынан бөлек, «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Болашақ» бағдарламалары бойынша қаншама азаматтар білім алып, тұрақты жұмыспен қамтылуда.
«Президенттің бес бастамасы» үндеуінде мемлекеттік білім гранттары мен жатақханалардың салынуына байланысты ұсыныс көптеген армандардың жүзеге асуына қанат бітіреді деп ойлаймын. Оның ішінде мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін заманауи мамандықтарды игеруге мүмкіндік мол. 
Білім гранттарының мөлшері бірден 20 мыңға көбейетінін, жаңадан жатақханалар салынатынын өскелең ұрпақ зор қуанышпен қарсы алды. Бұл мәселелердің шешім тапқаны – грантқа оқуға түсу, студенттік жатақханада өмір сүруі қолжетімді болады деген сөз. Есесіне ата-аналар қанша қаржысын үнемдейді, ал студенттер бос уақытын ой-өрісі жаңашыл, дүниетанымы жоғары, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға ретінде өзін-өзі дамытуға күш жұмсайды.
Сөз жоқ, Отанымыздың болашағы – бүгінгі жастар. Бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, Қазақстанның заманауи келбеті.
Сондықтан Елбасының осындай қамқорлығы жастарды жоғары интеллектілікке, фундаментальды білімге жетелеп, еліміздің рухани-экономикалық жаңғыруына өзіндік үлестерін қосуға міндеттейді.
Әлима Әбдіхалықова,
Аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы 
«Тәрбие және білім» бөлімінің басшысы
08 наурыз 2018 ж. 1 794 0