Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 54

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ұлыларымызды ұлықтап жүрміз бе?

Ұлыларымызды ұлықтап жүрміз бе?

Адам ақыл-ой санасының озық туындысы болып саналатын өнер мен ғылымда шекара болмайды. Ол адамзат игілігіне ортақ қызмет етеді. Оны өмірге алып келетін әр ұлттың маңдайына біткен асылдары мен ардақтыларын мақтаныш етіп, мәртебесін биіктетіп, қасиетті мұраларына мәңгілік жан бітіру көкірегінде сәулесі бар саналы ұрпақтың міндеті.
Кешегі жетпіс жылдық отарлық саясат қарауындағы халықтардың осындай құн-дылықтарын құрдымға жіберіп, жермен-жексен етуді көздеді. Ол үшін ұлт жақсыларын жаппай жазалаған ашық геноцидтік қысымнан бөлек елді іштен ірітетін індетке пара-пар пасық пиғылды жүзеге асыру ұлт жігерін құм етіп, тіпті өзіндік құндылықтарынан біржолата мақұрым қалдырудың таптырмас тәсілі болатын.
Бұған тез арада қалай қол жеткізуге болады? Осы ретте түп негізінде сұмдық саясаттан туындаған, ал бүгінде екінің біірі елемей, соның тұзағына шырматылып келе жатқан кесір-кесепат екі мінезден арылуға тиіспіз. Олар мыналар:
Қоластындағы ұлттарға тізесін батырып қана қоймай оларды біртіндеп түп тамырынан ажыратып, басыбүтін тәуелді елге айналдыруды мақсат еткен патша үкіметінің жымысқы саясатына қол жеткізудің қолайлы тәсілін ұсынған орыс миссионері Остроумов деген олардың арасында арақ ішуді ендіру арқылы біртіндеп ұлтты азғындатып, ешнәрсеге жаны ауырмайтын, мәңгүрт халыққа айналдыру талабына ақыл-айламен негіз салып берді.Ғасырлар бойы сайын даланы қайыспас қара күшпен қатар тастүйін бекем бірлігімен қорғап келген қазақты осындай қажырлы рухынан айырудың амалы жөнінде Батыс Сібір генерал губернаторы Спиранский дегеннің сексеуіл туралы айтқаны жаға ұстатарлықтай. Бірақ солай бола тұра ол ақиқатында жүзеге асып, тіпті бүгінге дейін жалғасып келе жатқанына ешкім қарсы дау айта алмаса керек. Бұл қандай тәсіл? Ол мұны былай түсіндірген: Қазақтың даласында сексеуіл деген ағаш өседі. Балталасаң сынбайды. Егер оларды біріне-бірін соқсаң омырылып түседі. Бұл халықтың табиғаты да сондай. Өте жігерлі, сертіне берік, сырттан келген жауына қайыспас күшпен қарсы тұрып, қаны төгілсе де намысын қолдан бермейді. Сондықтан оларды әлсіретіп, ынтымағынан ыдырату үшін өзара бір-біріне қайрап салып, қырқыстыру арқылы ұлтты іштен ірітіп, рухын жыға аламыз деп ақыл берген. Қарап отырсаңыз, отаршыл саясат осы екі қағиданы да керемет жүзеге асыра алғанына бүгінгі жағдайымыз куә.
Менің мамандығым құрылысшы. Бірақ өмірдегі барлық құбылыстарға ой көзімен қарап, түйгенімді қағаз бетіне түсіріп отыруға дағдыланған адаммын. Сондағы ұққаным, Құдірет жаратылыс атаулыны бір-біріне үйлесімді етіп жаратқандай. Содан ғибрат алып қадамына қазық еткен адаспайды.
Балалық кезеңім өткен қазақылықтың қаймағы байырқалаған Талап ауылының май топырағы бойыма ой сәулесін қабат сіңіріпті. Сегізжылдықтан соң аудан орталығындағы №163 «Октябрьдің 40 жылдығы атындағы орта мектебінде білім алдым.
Әбдіхалық ағайым, Фатима Дәуренбекова апайларымның қолдап-қоштауы көңіліме қанат бітіріп, Қазақтың химия-технологиялық институтының құрылыс факультетінің Азаматтық және өндірістік бөлімін бітіріп, инженер-құрылысшы мамандығын алып шықтым. Еңбек жолымды Жаңақорған ауданы орталығындағы ПМК – 1603 мекемесінде бастап монтажшы, одан әрі мекеменің бас инженері қызметін атқардым.
Бұрынғы социалистік жүйе күйрей бастаған егемендіктің алғашқы жылдары елдегі ірі мекемелердің де біртіндеп қысқарып жұмысын тоқтатақаны белгілі. Осыған орай тоқсан бесінші жылдары Алматы қаласына қоныс аударып, Кеден басқармасында жұмыс атқардым. Жаным сүйетін кәсіптің ретіне орай құрылыс саласына қайта оралдым. Қазірде «Алматықұрылыс» ААО-ның Бас директоры қызметін атқарып келемін. Республикадағы бірден-бір әлеуетті құрылыс мекемесі жаңа астанамыз бен Алматыда жүргізілген әлеуметтік-мәдени ошақтар құрылысының жетпіс пайызын, қысқаша тоқталғанда Астанадағы 196 пәтерлік тұрғын үйлер, Еуразия университетін жатақханасымен қоса, Спорт сарайын, орталық стадион реконструкциясын, одан басқа да қаншама әкімшілік жіне өндіріс мекемелерінің ғимараттарын тұрғызды. Мақтанғаным емес, Тәуелсіздіктен соң тұғырын мүлде жаңаша тіктеген еліміздің құрылыс архитектурасындаөзімнің де айшықты қолтаңбамнның болуы бойыма қуат, жаныма шуақ сыйлап, сәт сайын соны серпін, салтанатты шабыт сыйлап тұратынын жасыра алмаймын.
Ұлттың ұлы міндеттерді еншілеуі, мәртебесінің асқақтап, әлемнің озық елдерімен бір қанатта иық тірестіріп, қатар дамуы дәулеті мен сәулетінің көркеюімен ғана шешілмейді, елдік тұғырдың екінші жағында әлімсақтан келе жатқан бабалар үрдісі үлгісін жоймай, жаңағы бүкіл жаңару атаулыны кепиет-киесімен желеп-жебеп жүруі керек. Ол өздігінше болмайды, оны төбесіне қойып, қадірлеп-қастерлейтін ойлы ұрпақтың еншісіндегі міндет бұл. Осы тұрғыдан келгенде біз аталар дәстүріне адалдақ танытып жүрміз бе деген мазасыз сұрақ жанымды жейді. Өзім құрылыс саласы маманы болсам да ақын, жазушы, қааламгерлерге жақын жүремін. Қалт еткенді қалам ұшына іліп, әлеуметпен бөлісіп отырмасам ішкенім бойыма сіңбейді. Осындайда досым Мұхтар Шахановтың екінің бірінде мәңгүрттікті сынап сойып салатын жазбаларының қандай күйініштен туып жатқанын жүрегіммен сезініп, соны дәл жеткізе алған ақын талантына тәу ететін тұсым көп. Мұхтардың көп айтатын «компьютербасты жарты адамдарының» ұлтқа тигізер жаласы мен наласын есепке алсам осындайлардан арылмай егемендік алғанмен еңсе көтерудің оңай болмасы еске оралады.
Көзін ашқаннан орысша тіілі шығып, бөтен тәрбиенің нәріне қанығып өскен қала қазағын жиып қоя тұралық, ұлттың уыызына жарып өскен ауылдағы ағайынның ата-баба жолын мінсіз жалғап, көгенін жамыратпай, көсегесін көгертіп, дәстүр-салтына мығым болып отыруына не тұсау, не кедергі? Бұлай деуімнің астарында ауыр да, салмақты бір сыр жатыр.
Менің туған жерім – Қаратаудың баурайынан қалың қазағының қамын жеген нешеме дана да, би де, ақын да, батыр да шыққан. Олардың әрбірі бір-бір дастан, ақиқаты түгел ашылып болмаған анық шежіре іспетті. Келер ұрпақ туған топырағымыздан шыққан осы асылдарымыз бен ардақтыларымыздың мұраларын түгендеп, көзіне сүртіп, көкке көтеруі міндет болса сол ұрпақтың қатарында мен де бармын.
Мен елге әр барған сапарымда арғы тарихты былай қойғанда кешегі 19-20 ғасырда өмір сүрген, өнегесі анық, қалдырған ізі қанық, соңына қасиетті тұлғаларымыз қатарында Құтбай, Құлан, Әлшекей, Манап, Төлепберген, Бексұлтан, Әмір, Жүсіп, Абдулла-Алтый сынды туған жер түлектерінің елеп-ескеріліп, бағалануы тұрғысында бір біткен іс көрсем екен деп ерекше үмітпен барамын. Өйткені бұлардың белгілі бір өңірге ғана емес, ұлтқа сіңірген еңбегі ұшан-теңіз, табиғат ерекше жаратқан анық бір құбылыс деп тану әділірек. Осы тұлғалардың арасында Құлан ақынға айрықша
тоқталмақпын. Құлан ақын 1861 жылы Жаңақорған ауданы Ақтөбе ауылында туылған. Ақындық қасиетімен ерте танылып балалық кезінде сан рет айтысқа қатысқан. Достық, ынтымақ сүйіспеншілік хақында жазылған өлеңдері елді ауызбіршілікке, татулыққа үндеді. Сол сияқты адамдар арасындағы оғаш қылықтарды өткір сынға алған өлеңдерінің қай заманда да өзектілігі басым. «Бұл дүниеде не ғаріп?» термесі, «Аузымда өлең деген алмасым бар», «Адам боп дүниеге жаралған соң» атты өлеңдері адамшылықтың мәнін зерделеп жүректерге жеткізген пәлсапалық ой-түйіндерімен бүгінгі күн психологиясын да дөп басып тұр. Ақынның бүкіл мұраларын жинақтаумен өткен.Манап Көкенов Құлан ақынның 3000 жолдан аса жыр шумақтарын жинақтап, ол бүгінде Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясының өнер және әдебиет институты Қолжазба қорында сақтаулы тұр.
Осыдан екі жыл бұрын наурыз айында ақынның туған жерінде жұртшылық болып ойласып, Қосүйеңкі елдімекені ауылдық округіне Құлан Алдабергенұлының есімін беру жөнінде бір пәтуаға келгендей едік. Ауыл үлкендері болып уағдаласқан салмақты шешімге сына түсіп, ай айналмай айныған ағайынның тірлігі « Алтау ала болса ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген асыл қағиданы аяқ-асты еткеніне қынжылмасқа әддіміз қалмады. Баяғы орыс шовинизмі көксеген ұлтты көгертпеудің тәсілі оларды өз-өзіне қарсы қойып, бастарын біріктірмей шын зиянын тигізуінің кесірі көзіміз ашық, қанша оқыдық, тоқыдық десек те көлеңкемізден қалмай әлі де қылбырауында ұстап отырғанының анық бір дәлелі болды. Шынтуайтына келгенде, Құлан ақынның есімін ауыл атауына еншілетуде саны көп ата баласының қолы емес, дарын-талантымен ерек, аты тарихта қалған тұғырлы тұлғаның жолы биік екенін бағамдай алмағанымыз қандай өкінішті. Бұл туралы кезінде ақын Абай да: «Бітісі жаман қамысты су ішінде өрт алар, туысы жаман адамды түйе үстінде ат қабар»
«Туысқаның, достың бәрі екіұшты,
Сол себепті досыңнан дұшпан күшті.
Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған,
Бұл не деген заманға ісім түсті,- деп қатты торыққан ғой. Өз асылымыздың қадірін өзіміз ұлықтамағанда өзге жұртқа не сын, не өкпе?
Құрылыс ісінде қиыршық тас пен құмды кіріктіріп тұратын цемент, ол төзімді бетон. Осы тәріздес елдегі ағайынды біріктіретін ойы үстем, кеудесі биік азаматтар әр ауылда біреу, екеуден болса да маңдайымыз ашылар еді. Осы тұрғыда жүрегімнен мына бір жыр жолдары өз-өзінен ақтарыла жөнелді:
Сәт келді намысы елдің сыналатын,
Тұлғалар тарих соққан мұнара-шың.
Сүлей деп тәмам қазақ ардақтаған,
Құныңды білсе жұртың Құлан ақын!
Құныңды білсе жұртың айтар анық,
Тумас деп Құландай ер қайталанып.
Өткенге өткел салып өз ойымен,
Тарихқа тамыр тастап қайтарар нық.
Сәт келді намысы елдің сыналатын,
Тұлғалар тарих соққан мұнара -- шын.
Сүлей деп тәмам қазақ ардақтаған,
Құныңды, білсе жұртың, Құлан ақын?!
Құныңды білсе жұртың айтар анық:
"Тумас деп Құландай ер қайталанып".
Өткенге өткел салып өз ойымен,
Тарихқа тамыр тастап қайтара нық.
Серпілер, сергір содан сенім құйып,
(Ер болсаң ендігі ерлер еліңді ұйыт)
Далам-ай дара дана Құлан туған,
Бабам-ай! алып-асқақ, менің биік!
Жөнім жоқ сені өзгеге теңгерердей,
Жерің көп жырмен жұртты емдегендей.
Тойланса ойланамын тойдан бұрын,
Сый таппай, сауға таппай мен берердей.
Мен берердей атақ жоқ, халық берген,
Шуақ шашқан жұртқа рас жарық кеудең.
Ауылың жатыр баяғы сен шыр етіп,
Дүниенің құлағын жарып келген.
Сол ауылда тарихқа атың қалған,
Әділдікке бабам сен жақын барған.
Сөз қалғанда өшпестей ұлы мұра,
Із қалады деген сөз ақындардан.
Ізі қалған Құланның ақ мекенім,
Білгем өмір өзіңмен тәтті екенін.
Алып туса аядай ауыл байтақ,
Ауыл алып атымен қап кетерін
Қап кетерін тарихтың қатпарына,
Білсең, жұртым, бар шешім, тақпа кінә.
Құлан аулы болса деп Қосүйеңкім,
Уағда еткен жұрт ең ғой ақтарыла.
Сол ойды дабыл етіп қағам мен де,
(бөлінсең бөрі жемек санаңды емде)
Ұстатпас дауды қусаң жақ-жақ болып,
Тиыш жатпас бәріңнің де бабаң көрде.
Бабаң көрде тиыш жатпас елдік атың
Болса жеттің жерге сөз енді ұғатын.
Құлан аты жаңғырсын Тастүскенде,
Жалтаруға жоқ, жұртым, енді қақың!
Марат КОПЕШЕВ,
ҚР Құрметті құрылысшысы.
“Құлан ақын” қорының президенті
29 маусым 2021 ж. 530 0