№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күләш Шәмшидинов: – Бітіру кешін мектеп ішінде өткізу дәстүрі болған

Күләш Шәмшидинов: – Бітіру кешін мектеп ішінде өткізу дәстүрі болған

   Мектеп бітіру кешін жарысқа айналдырмау керек. Еліміздің Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова осындай пікірде. Қазір түлектер өз өміріндегі маңызды кешке қамданып жатыр.

  Бірі лимузинмен қаланы аралауға асық, енді бірі қымбат көйлегін киіп, мейрамханада көңіл көтеруді қалайды. Бір күндік қуаныштың құны қанша? Ата-ананың қалауы не?

   Кешегі бүлдіршін – бүгінде азамат. Таңдауы бар, талғамы да асқақ. Мектеп бітіріп жатқан баласының тілегін ата-ана да ескерусіз қалдырғысы келмейді. Соның салдарынан соңғы жылдары мұндай шаралар аста-төк думан мен қисапсыз шығынға себеп болғаны рас. Бірақ еліміздің бас ұстазы Күләш Шәмшидинова бұған үзілді-кесілді қарсы.

   Күләш Шәмшидинова, ҚР Білім және ғылым министрі:

  – Бітіру кешін мектеп ішінде өткізу дәстүрі болған. Ол жерде ата-ана мен оқушылар, мұғалімдер емен-жарқын әңгімелесіп, көңіл көтеретін еді. Қазір бұл үрдіс басқаша көрініс тауып, кәдімгі жарысқа айналып кетті. Ең бастысы, оқушылардың қауіпсіздігі. Сондықтан біз осындай кештер тек мектеп қабырғасында өтсе дейміз. Қымбат көйлек, аста-төк дастарханның қажеті жоқ.

  Бір қызығы, қазіргі түлектер бітіру кешінің қарапайым болғанын қалайды. Біз жүгінген ивент агенттіктер осыны растады. Олар қызметі үшін 200 мың теңгеден жоғары ақы алады. Ал әлемдік жұлдыздарды шақырып, айрықша шоу ұйымдастырудан бас тартпайтындар бірнеше миллионын да аямайды екен.

20 сәуір 2019 ж. 1 217 0