№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Гендерлік саясат өркениетке өріс ашады

Гендерлік саясат өркениетке өріс ашады


Гендерлік саясаттың мақсаты-бөле жармай екеуіне де қоғамнан өз орнын табуына теңдей мүмкіндік беру.
Қазақстандағы гендерлік саясаттың міндеттеріне әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарында тең дәрежеде  қатысуына қол жеткізу сондай-ақ экономикалық тәуелсіздіктің барлық мүмкіндіктерін теңдей қамтамасыз ету, өзінің бизнес жайын дамыту және қызмет саласында алға басу, отбасында  құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдай жасауды жатқызамыз. Жалпы соңғы жылдарда еліміз гендерлік саясатқа баса көңіл бөлуде.
Тұңғыш Президент Н.Ә.Назар­баев­тың өзінің халық­қа арнаған Жолдауында «Қоғамның өркениеттік  деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді...» деп тұжырымдауында үлкен мән жатыр.  Әйелдер қай салада қызмет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол салада жауапкершілігін де арттырып, жұртшылық құрметіне бөленуде. Әрбір жұмыстың қиыншылығы мен қызықшылығы, жетістігі мен жемісі болады. Қазақстанда ген­дерлік саясат  жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйел­дер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік  саясатты  іске асыру болып табылады.
Гендерлік саясат дегеніміз, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылады.
Әйел-аналар билікте де, саясатта да, халық қызметінің барлық саласында ерлермен теңдей қызмет етіп келеді. Тіпті көп ретте іске ұқыпты міндетіне тиянақтылығымен таныла білуде десек артық айтқандық емес.
Қорыта келе, гендерлік саясат-әйелдердің теңдігі  және оларды кемсітуге жол бермеуді заң жүзінде бекітудің  құқықтық негізі. Осы заң негізінде нәзік жандылар қоғамның барлық сатысында ерлермен теңдей дәрежеге ие.
Исағали Тұңғышбаев,
Жаңақорған аудандық
сотының судьясы
25 наурыз 2021 ж. 716 0