№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қобыз – ұлттық қазынамыз

Қобыз – ұлттық қазынамыз


Тіршілік иелеріне жер мен көк қандай киелі мекен болса тіл мен шекара талғамайтын, жан-жүрегімен егіз, арман-мұратымен рухтас музыка
құдыреті сондай құндылыққа ие.
Ежелгі қазақ сахарасында кең даланы мекендеген ержүрек халықтың қуанышы мен қасіретін, арманы мен мұңын аңырата егіз шекпен төкпелеген қобыз аспабы, оның шығу тарихы жөнінде ақиқат пен аңыз қоса өрілгенде түп тамыры Қорқытқа барып тірелетіні аян. Осындай аңыздың бірі былай деп сыр толғайды:
Бүркіт ұя салған шың басындағы үңгірде үш бақсы өмір сүреді екен. Олар күн батуға таянғанда ғана тау етегіне түсіп, жазық жерге жайғасып, ақ пен қара, жақсылық пен жамандық, өлім мен өмір турасында сыр шертісетін. Олар пенделер бойын кезек жайлайтын қуаныш пен ауыртпалықтың қатар сынында қажыр-қайрат иелерінің тауқыметке табанды қарсы тұра білулеріне төзім мен сабырдың , сезім мен ақылдың бағасы жөнінде көп толғанады екен. Осынау артықшылықты адамдар бойына қалай егуге болады?
Бірде осындай кеңесіп отырғандарында аяқасты дауыл тұрып, құйындатып келіп қалған Әзірейіл бейнені көріп аза бойлары қаза болып, әлгімен жөн сұрасыпты. Сөйтсе ол шақыртусыз-ақ жетіп келетін Ажал періштесі екен. Ол Қорқытты алып кетпек екен. Ажалдан қашып, мәңгілік өмір іздеген Қорқытты уақытша болсын ажалдан құтқаратын бір амал – ол бүкіл тіршілік иелерінің үнінен үстем шығатын, табиғаттағы жаны бар атаулыны тыңдағанда үнсіз ұйытып сарынына баурап алатын таңғажайып бір құбылысқа тәнті ете алуы керек. Сонда ажалдан әзірге аман болады.
Қорқыт баба бұл үшін қобыз аспабын жасауға кіріскен екен. Оның шанағын тамырын жер иісі, құзар шыңын аспан тазалығы көмкерген қарағай талынан жонып жасап, ысқысы мен тиегін жылқының сүйегінен ойып жасапты. Сөйтіп қобыз ішегін баяулата үн бастап, шерлі күйді толқытып қоя бергенде бүкіл дүние тым-тырыс тына қалып, жел басылып, құс та сайрағанын тоқтатып, сыйқырлы әнге құлақ салыпты. Құйқылжыған қоңыр үнмен бірге ай сәулесі, гүлдеген даланың иісі, сәбидің уілі, бұлақтың сылдыры біртұтас сарынға айналып, сардаланы кезіп, бүкіл кеңістікті құдыретіне бөлепті, жер-дүние Қорқытты ғажайып әулиеге теңепті. Міне, содан бері заманалар мың рет өзгерсе де адамзатқа тарту еткен тамаша қазыналар қатарында Қорқыттың қобызы ұлы мұра ретінде ұрпақ қолынан түсаен жоқ.
Өзім мектеп бітіргенде таңдағңан мамандығым – қобыз аспабы бойынша арнайы білім алу жолында Қызылордадағы Қазанғап атындағы колледжге түсіп, үздік бітіріп шықтым. Аудандағы Әлшекей атындағы музыка мектебінде алғашқы еңбек жолымды бастадым, Мен келген кезде оқытушылар Айгүл Түтінова мен Нәзира Штабаева апайымыз қобыздан сабақ беріп жүр екен. Одан бері он жыл уақыт өтті. Қазірде көп тәжірибе жинақтап аға ұстаздар қатарына талпынып келемін. Талантты шәкірттерім Оразбек Ілімжауһар, Ермекқызы Гүлвира ерекше дарынымен танылып, осы бағытта биік мәреге қол жеткізіп жүр. Өнер коллективінің басшысы Қалдыбай Қошқарбай ағамыз дарынды шәкірттердің талабын ұштап, үлкен сахналарда өнер көрсетуіне барынша қамқорлық жасап, жанашырлық танытудан жалыққан емес.
Талапкер ұландарды қасиетті қобыз аспабына жетік дайындауда жалықпай жұмыс жасап, тәжірибем мен жаңашылдықты ұштастырып отыруға күш салып келемін. Осы бағытта Шымкент мемлекеттік университетінде жоғары білім алуға қол жеткіздім. Бастауын бүкіл түркі халқына ортақ ойшыл, данагөй тұлға Қорқыт бабаның шерлі көкірегінен алып, өркениетке ұмтылған Ұлы Дала кеңістігінде өрісін кеңге жайған Қобыз сарыны саналы ұрпақтың жүрегінде мәңгі жасай беретініне сеніп қана қоймай, соған перзенттік үлесімді қосып келе жатқанымды мақтаныш етемін.

Гүлдана Мырзатаева,
Әлшекей атындағы өнер
мектебінің мұғпалімі
15 маусым 2021 ж. 549 0