№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұстаз болу – ұлы жүректен

Ұстаз болу – ұлы жүректен


Саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған ұлағатты ұстаз Забира Үсенқызы бүгінде зейнет жасында. Екпіндідегі №166 мектебінде педагогтық жолын бастап, 40 жылға жуық уақыт тәлімгерлеріне сапалы ілім, саналы тәрбие берді.

Осындай ардагер ұстазбен дидарласып, ақыл-кеңесіне, тәлімді ой-өрнегіне қанығып қайттық. Әл-Фараби айтқандай «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы». Яғни,тәрбиесіз берілген білімнің қоғамның рухани-мәдени дамуына үлесі болмайды.
– Білім-терең теңіз. Қанша үңілсең де, соңына жете алмайсың. Білім тәрбиемен қаруланғанда қуатты күшке айналады.Білімнің бастауы-мектеп, мектептің жүрегі-ұстаз. Ұстаз болу менің бала кезгі арманым еді. Оқушы кезімде ұстаздарыма қатты қызығатынмын. Қызығушылығым-арманға, арманым-мақсатыма айналды. Бұл мұратымды ата-анам қолдады. Сөйтіп Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтына оқуға түсіп, химия-биология бағытында жоғарғы білім алдым. Бүгінде шәкірттерім жақсы маман иесі болып,мені қуантып отыр. Бұл менің ұстаздық ғұмырымның ең үлкен жетістігі деп білемін.

– Сіздің ойыңызша қазіргі білім беру саласының басты артықшылығы неде?
– Қазір 21 ғасыр.Заман талабына қарай, білім жүйесінің өзгеріп отыруы да заңдылық. Қазір балалардың білім алуына өте көп мүмкіндіктер жасалған. Балаларымыз ақпаратты тез қабылдап, жан-жақты болуға дағдыланған. Бұл қуантарлық жайт.
– Айтыңызшы қадірлі ұстаз болудың сыры неде?
– Ұстаз болу төзімділікті, табандылықты талап етеді. Жақсы ұстаз болу үшін, әрқашан еңбек ету керек Мектеп қабырғасына болмыс-бітімі, мінезімен ерекшеленетін оқушылар келеді. Олармен тіл табысып кету мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Оқушының бәрін бірдей көріп, оның ойын тыңдап, қиналғанда бағыт-бағдар беру ұстаздың міндеті. Осы қасиеттерді бойына жиып, шыңдалған ұстаз, әрқашанда сыйлы болмақ.
– Сіздің ойыңызша қазіргі таңда қоғамда мұғалімнің орны қандай?
– Ата-ана мен мұғалім тығыз байланыста болуы керек. Сол кезде арада сенімділік орнайды. Мұғалімнің қалай сабақ беріп жатқанынан ата-ана хабардар болып отыруы керек. Себебі қазіргі таңда балаларын тек бастауыш сыныпқа дейін қадағалап, одан кейін баласының мектептегі тәртібіне, оқу үлгеріміне көңіл бөлмей жататын ата-аналар да бар. Айтқым келетіні, баланың білім алуына ата-ана да, ұстаз да септігін тигізеді. Сондықтан балаға екі жақтан да дұрыс бағыт бағдар көрсетіліп, тәрбиеге көп көңіл бөлінуі тиіс деп ойлаймын.
– Ұстаз жауапкершілігі мол, қызығы мен қиындығы қатар жүретін маман иесі. Осындай кемеңгер ұстаз болып қалыптасу үшін қазіргі жас ұстаздарымызға қандай ақыл-кеңес айтасыз?
– Мектепті сыйлағандықтан, мамандығын жан тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интеллектісін көтеруі тиіс. Дүниеге деген көзқарасын биіктетіп, өнер – білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
– Сұхбатыңыз үшін рақмет!
Арай ТОҚСАНБАЕВА
20 маусым 2021 ж. 870 0