№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Вакцина – қауіптің қорғаны

Вакцина – қауіптің қорғаны


– Ауданда эпидемиологиялық ахуал күрделеніп келеді. Күніне ондаған адам тіркелуде. Қазір жүзден аса адам ем қабылдауда. Біз науқастарды екі топқа бөліп қарастырамыз: бірі – симптомды, екіншісі – симптомсыз. Инфекцияны алдын алудың бірден-бір жолы – вакциналап, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру.

Екпе – бактерия, вирус секілді микроорганизмдерден алынып, адам организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін қажетті препарат. Кезінде шешек, қызылша, көкжөтел сынды аурулар ушыққан тұста осы екпе арқылы тойтарыс берілген. Бір кездері сары аурумен ауыратын адамдар өте көп болды. Әсіресе, біздің өңірде екінің бірі ауыратын. Гепатит А, гепатит В-ға қарсы егуді өспірім шақтан егу қалай басталды, дерт ауыздықталды. Қазір сары аурумен ауратындар өте аз. Мұны жеңуде вакцинаның әсері көп.
Ал, мына коронавирус инфекциясы шыққалы жүйелі жұмыстар жүргізілді. Елде карантин жарияланып, адамдарды оқшаулап, маскалы режимге көшірілді. Алайда, науқас адамдар күн санап тіркеліп жатыр, ешқандай тоқтау болар емес. Аталған аурумен ауырған бір адамның өзі 15-20 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Енді, біздің қазіргі мақсатымыз – ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Ол үшін вакциналау қарқынды жүруі тиіс. Әттеген-айы, қаңтар, ақпан айында вакциналау басталғанда осы уақытта адамдарда иммунитет қалыптасып, вирус өршіген тұста қорғана алар еді. Неге десеңіз, адамға екпе еккеннен кейін 1,5-2 айдан кейін адам ағзасында вирусқа қарсы иммунитет қалыптасады. Ештен кеш жақсы, бірнеше айда аудан тұрғындарының 70 пайызын вакциналап, ұжымдық иммунитет қалыптастырсақ, үлкен жетістік болар еді.Қазір ауданымызға 4200 вакцина келді. Ең бірінші 200 дозасы келген болатын. Біз оны медицина қызметкерлеріне салдық. Өйткені, аурумен бетпе-бет келетін жандар ғой. Одан кейін 1000 доза келді. Оны мемлекеттік қызметкерлерге салдық. Одан кейін 3000 мың доза келді. Сонымен 4200 дозаны толық салдық. Оның 200-і екінші қайтара алып болды. Қалғаны 8 мамырдан бастап қабылдайды.
Арнайы аппараттардың көмегімен, елді мекендерді аралап, барынша халыққа қолжетімді жағы қарастырылуда. Бұның барлығы да халықтың қауіпсіздігі, елдің амандығы үшін жасалынып жатқан дүние. Жалпы 18-69 жас аралығында 32 мың аудан тұрғыны вакциналанған жағдайда 70 пайызды енсереміз.

Асхан Отарбаев,
ауданның бас эпидемиолог-дәрігері

05 мамыр 2021 ж. 679 0