№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ТҮСТЕН КЕЙІНГІ ТАЛҚЫ

ТҮСТЕН КЕЙІНГІ ТАЛҚЫ

Бүгін, 29 қаңтар, сағат 16-де Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов пандемияға байланысты ZOOM платформасымен реттілігі бойынша екінші есеп беру кездесу жиынын бастады. Бұл жолы жиынға онлайн байланысы арқылы Манап, Талап, Бесарық, Қосүйеңкі, Қыраш, Ақүйік, , Жайылма, Сунақата, Екпінді, Қожамберді, Төменарық, Сүттіқұдық ауылдық және Шалқия кенті округтерінің тұрғындары қатысты. Онда аудан басшысы өзекті мәселеге айналған 4 ұсынысқа арнайы тоқталды.



Биылғы жылы тау беткейіндегі елді мекендер Талап-Сырдария топтық су жүйесіне толық қосылатын болады. Рас, Сунақата, Еңбек, Екпінді, Төменарық елді мекендеріндегі ауыз судың жетіспеушілігі бар. Осыған байланысты өткен жылы аудандық бюджеттен 30,7 млн. теңге қаржы бөлініп, «Сумен жабдықтау желісін қайта құру және кеңейту объектісі» жобасы жасалып, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды.
Аудандық электр тарату торабының жоспарына сәйкес және мекеменің өз мүмкіндігімен биылғы жылға 8 ауылдық округте (Қандөз, Келінтөбе, Бесарық, Ақүйік, Сунақата, Сүттіқұдық, М.Нәлібаев) жөндеу жұмыстары жүретін болады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын табатын болады. Енді аудан әкімінің сөзіне құлақ түрелік.
–Манап ауылдық округінен 2 ұсыныс көтерілген еді. Оның біреуі Талап бекетіндегі ұзындығы 5 шақырымды құрайтын айналма жолды асфальттап беру болса, аталған жолды орташа жөндеу үшін өткен жылдың соңындағы аудандық бюджетті нақтылау барысында 2,2 млн. теңге бөлініп, жоба-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Сондай-ақ округтегі Қосаев көшесін орташа жөндеуден өткізу жөніндегі ұсыныстарыңыз республикалық бағдарламаға ұсынылып, қаржы тарту мақсатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылды. Сол тізімнің ішінде Қосаев, Тоған, Жолдасбеков, Сейдалиев көшелері бар.
Өткен жылы аудандық бюджетті нақтылау барысында елді мекендерді күн сәулесінен қуат алатын жарық шам орнату үшін Талап бекетіндегі Мырзатаев, Жолдасбеков көшелеріне 1 млн. теңге қаржы қаралды.
2021 жылғы бекітілген аудандық бюджеттен тренажер (жаттығу) алаңын орналастыру үшін 5 млн, Тағзым алаңын салуға 3,2 млн, Жолдасбеков көшесіне тас төсеуге 1,2 млн, барлығы 9,4 млн. теңге қаржы бөлінді, – деді баяндамашы.
Мұнан кейін басқа ауылдық округтер бойынша да мәселелер көтерілді.
29 қаңтар 2021 ж. 578 0