Қожакенттік 20 жылдық түлектер бір отбасына баспана сыйлады

⠀
Алла қаласа, бүгіннен бастап қожакенттік Бақтыгүл Бакированың өзінің баспанасы бар. Үш баланың анасы үшін бұл үлкен қуаныш. Осындай қуанышқа себепкер болған 20 жылдық түлектер ақылдаса келе, пандемия уағында улатып-шулатып той-тойламай қарапайым, баспанаға шын мұқтаж отбасының шаңырағына шаттық сыйлайық деп шешіпті. Ізгі бастамаға ұлы да, тұрмысқа шыққан қызы да белсенді атсалысқаны қуантты. Бүгінде бәрі бір-бір саланың тізгінін ұстап, ел игілігі жолында қызмет етуде.
Игі шараға ауданның бас имамы Әбдіхалық қажы Махмұтұлы қатысып, қожакенттік қамқор жандарға ризашылығын білдірді.
Соңыра, ауыл әкімі Әсілбек Айтжанов пен Өтеген ақсақал бастаған ел ағалары мен ардагер ұстаздар өнегелі өсиетін өрбітті.
⠀
Әбдісамат ӘБДІШ