№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халықаралық отбасы күнінде 1 отбасы баспаналы болды.

Халықаралық отбасы күнінде 1 отбасы баспаналы болды.


Баспана кілтін табыстауға аудан әкімі Руслан Рүстемұлы да қатысып, ізгілікті іс жасаған ерікті жастарға алғыс-тілегін білдірді:

"Жастардың қоғамға деген қамқорлығы әркімді де қуантары сөзсіз. Бұл – жастар бірлігі мен тату тірлігінің айқын көрінісі. Осындай озық және ортақ істе әрқайсыңыздың үлестеріңіз мол. Елдің әлеуметтік жағдайына жанашырлық таныту – азаматтық парыз. Рахымы мол Рамазан айында қайырымды істеріңізбен белсенділік танытқандарыңыз үшін Сіздерге Алғыс білдіремін.
Ұйымшыл жандардың ортасына айналған «Жаңарған Жаңақорған жастары» еріктілер тобы мәдени-рухани кемелденуімізге аянбай қызмет ете береді деген сенімдемін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық,
бақ-береке тілеймін! Бүгінгі 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне тұспа тұс келіп, баспаналы болған отбасының қоныс тойы құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ауызбіршілігіміз арта берсін!" - деген тілегін жеткізді.

Игілігі мен сауабы мол шараға ауданымыздың бас имамы Әбдіхалық қажы Махмұтұлы да арнайы келіп, Қасиетті Рамазан айында жастардың қайырымды істеріне батасын берді.

Бұл "Жаңарған Жаңақорған жастары" ұйымының белсенді жастары ұйымдасып аз қамтылған отбасыларға табыстаған 6-шы баспанасы және мұнымен тоқтап қалмай, әрі қарай да қайырымдылық істерді жалғастыруды көздеп отыр.
16 мамыр 2021 ж. 662 0