Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАСИЕТТІ АЙДАҒЫ САУАПТЫ ІС

ҚАСИЕТТІ АЙДАҒЫ САУАПТЫ ІС


Рамазан – пенде атаулы күнәсіна тәубә етіп, ізгі іске асығатын қасиетті ай. Ұлық болған ұлы айда қаншама жандар сауабын асырып, жақсылық жасаудан жарысып-ақ жатыр. Олай болса, тақырып ауаны – мешітке өз қаржысынан қомақты ақшаға темір бастырма орнатып, талай жанға сая сыйлаған байкенжелік жастар жөнінде.
Ақшам уақыты. Алла үйіне асыққан пенделердің жүзінен шексіз қуаныш анық байқалады. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін мешіт ауласына асығып, бой көтерген баспанаға тамсанумен әлек. Мектеп бітіргеніне 10 жыл толған ауылдың 1991 жылғы түлектері салған 200 орындық темір бастырма заманауи келбетте жарқырап тұр. Осындай, игі істі халыққа жария етіп, салтанатты түрде ашып беруді мақсат еткен ауыл әкімі мен 1971, 1981 жылғы түлектер демеуші болып, қайырымдылық асын берді.
– Биыл берекелі, мерекелі жыл болды. Мектеп бітіргеніне 10, 20, 30 жыл толған түлектер өз шамаларынша ауылға сый-сияпат жасауда. Бұл олардың туған жерге, туған елге жасаған перзенттік парызы, құрмет-ықыласы деп білемін, – деді ауыл әкімі Нұрғали Оспанов.
Ал, имандылық иірімі сезілген салихалы басқосуда арнайы сөз алған ауданның бас имамы Сайділла қажы Омаров та насихат өрбітті.
– Биылғы жылды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ислам және отбасы» жылы болып белгіледі. Өзгеруді өзімізден бастау үшін балаларға өнеге, тәрбиені мықтап берейік. Жастайынан отбасы институтынан берік ілім алып, тәлімді тәрбие көрген азамат ешқашан да адаспайды. Ондай адам ертең тұлға болып, ел мен жердің дамуына қызмет етеді. Сол үшін Елбасы айтқан, рухани жаңғыруды отбасынан бастайық. Қазақта «ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген баталы сөз бар. Ана мен әке ұрпақ санасына тәрбиенің озық үлгісін дарытып, бойына бітірсе сол біздің руханиятымыздың беріктігі болмақ, – деген бас имам бастырма салуға ұйытқы болған 1991 жылғы жастарды жинап, ізгі тілек пен ақ батасын берді. Әрі қарай, жергілікті жерден шыққан ата-бабалар рухына Құран бағыштады.

Ханзада ТӨРЕХАНҚЫЗЫ.
29 мамыр 2018 ж. 1 002 0