№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ҰБТ: жаңа ережемен нәтиже қандай?

ҰБТ: жаңа ережемен нәтиже қандай?


Мектеп түлектері үшін Ұлттық бірыңғай тест биыл жаңа ереже бойынша өтуде. Мамырдың 6-нан басталған тестілеу маусым айының соңына дейін жалғасады. Биылғы оқу жылында 3,4 млн-нан астам оқушы мектепте білім алса, олардың 150 мыңға жуығы 11 сыныпты аяқтап, мектеппен қоштасады. Жалпы аймақта 7006 оқушы мектеп бітірсе, соның 5949-ы ҰБТ-ға қатысады деп жоспарлануда. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлім етті. Жаңақорған ауданы бойынша әзірге 500-ден аса оқушы тест тапсырып үлгеріпті.


Жаңа ереженнің талабы қандай?
Алдымен жаңа ережемен танысып алайық. ҰБТ толығымен онлайн форматта өтеді, оның бір артықшылығы – ҰБТ нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Жиналған ұпай саны экранға шығарылады. Сондай-ақ ҰБТ қатысушысы қате жауап берген сұрақтарды көруге мүмкіндігі бар. ҰБТ қорытындыларымен келіспеген жағдайда талапкер келесі күнді күтпей-ақ бірден апелляцияға өтініш бере алады.
ҰБТ-ның аяқталуына әлі уақыт жеткілікті. ҰБТ екі рет тапсырылады, бұл балалар үшін тиімді ме? Біріншіден, мектеп бітірушілер тест күнін күтіп, күйзеліске ұшырамайды. Екіншіден, тесті екінші рет тапсыру мүмкіндігі жүйкеге түсетін салмақты азайтады. Айта кету керек, ҰБТ-ға қатысушы арнайы талап ережеге сай тексеріліп кіргізіледі.
Тестілеуге кіргенде оқушы танысу актісіне қол қояды. Яғни, тыйым салынған заттар жоқ екендігі расталады. Барлығы талапқа сай болғанда ғана талапкер аудиторияға кіре алады. Ал ғимаратқа ұстаздар мен ата-аналар кіруіне тыйым салынды. Бұл енді карантин талаптарына сай жүргізіледі.
Түлектер нені білу тиіс?
Аудиториядан 10 минуттан артық шығуға, сөйлесуге, орын ауыстыруға, құжаттармен, кез-келген тыйым салынған заттармен және жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парағымен алмасуға тыйым салынған. Құжаттарды және А4 форматындағы парағын аудиториядан шығаруға, ғимаратқа және аудиторияға оқу-әдістемелік әдебиеттерді, калькулятор, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын, смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және тағы басқалар, шпаргалкаларды алып кіруіне және қолдануына рұқсат етілмейді.
Сондай-ақ, тестілеу басталар алдында берілген А4 форматындағы қағаздарын өзімен бірге алып кетуге, тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге, тестілеуге пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге рұқсат етілмейді. Бұл ретте тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі. Бір сөзбен айтқанда, барлық ереже 208 бұйрықтың 80-тармағында жазылған. Ол туралы арнайы сайттан толық танысып алуларыңызға болады.
Аудандағы ахуал қандай?
Бұл жөнінде Ұлттық тестілеу орталығы Жаңақорған кентіндегі филиал басшысы Мақсат Бағдатұлынан толыққанды мәлімет алуға тырыстық.
– Әзірге 522 оқушы тест тапсырды, 7 бала келмеді, екі түлек тестілеуден шеттетілді. Жал­пы онлайн форматтың оқу­шылар үшін тиімділігі көп, бұрынғыдай бір күнге оқушы жинап, олардың жүйкелеріне салмақ түсіру бол­майды. Қазір тесті екі рет тапсырады, егер бірінші тапсырғаны қате болса, онда грант тағайындау конкурсына екінші реті тапсырған нәтиже жарайды. Алайда, бірінші мүмкіндікте тәртіп бұзғандарға екінші мүмкіндік берілмейді. Жал­пы тестілеу уақыты 240 минут, апелляция уақыты 30 минут. Тест кезінде әр сағат сайын тынығып алуға, сыртқа шығып бой жазып келуге аз ғана уақыт беріледі, – деді Мақсат Сәрсенбай.
Мақсат Бағдатұлынан талап-меже жөнінде нақты түсінген соң, қай мектеп алда, түлектердің білім нәтижесін білуге тырыстық. Көш басында №245 орта мектептің қос бітірушісі екен. Әбибулла Даниал 122 балл жинаса, Әбіл­қасым Асылжан 120 ұпайды қанжығалапты. Екеуінің де таңдау пәні физика-математика, екеуі де «Алтын белгі» иегері.Асылжан мұғалімдік жолды таңдаса, Даниал ІТ саласын меңгеруді мақсат етіп қойған.
– Әзірге екі оқушымыз ғана тапсырып, ең жоғары балл жинады, бұйырса келесі айда қалған бес түлегіміз тапсырады. Үмітіміз бұдан да биік, былтыр да жақсы нәтижемен түйіндеген едік. Жалпы соңғы 4 жылда мектеп бітірушілері ҰБТ-ға толық қатысуда, көрсеткішіміз де көңіл қуантарлық, – деді мектеп директоры Нұркен Смет.
Иә, көрсеткіш жаман емес, алда айдан астам уақыт бар, бұл жоғары көрсеткіш өзгеруі әбден мүмкін.
– Менің арманым Қазақ-Британ Техникалық университетіне түсу, «Бағдарламашы» мамандығын оқып, болашаққа қажетті са­ланы таңдағаным дұрыс. Ата-анама, ұстаздарыма үлкен алғыс айтамын, үміттерін әлі де ақтап, биік белестерді бағындыруға тырысамын, бұл менің үлкен өмірге деген алғашқы баспалдағым, – дейді Даниал.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
25 мамыр 2021 ж. 725 0