Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Коронавирусқа байланысты ҰБТ жаңа жағдайда өтеді

Коронавирусқа байланысты ҰБТ жаңа жағдайда өтеді

Он бір күннен кейін мектеп түлектерінің он бір жыл алған білімдерін саралайтын ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Коронавирусқа байланысты ҰБТ жаңа жағдайда өтеді. Яғни талапкерлер карантиндік талаптарды сақтай отырып, тест тапсырады.

Биыл 17-ші рет өткізілетін ҰБТ форматы өзгертілген жоқ. Елдің бас ұстазы Асхат Аймағамбетовтің жа­саған соңғы мәлімдемесінде, тестілеу 5 пән бойынша қа­ғаз тү­рінде, яғни 3 міндетті және 2 бейін­дік пән бойынша өткі­зі­ле­тіні айтылды. Барлық тест тап­сыр­масының саны – 120, ең жо­ғары балл – 140.
– Осы жылы ҰБТ-ға қатысу үшін 111 мың түлек өтініш білдірді, өткен жылмен салыстырғанда 11 процентке жоғары. ҰБТ-ға қатысу үшін барлығы 131 755 өтініш тір­келді, оның ішінде 110 678 өті­ніш онлайн форматта және 21 077 өтініш қабылдау пункті арқылы тіркелді. ҰБТ бекітілген мерзімде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатал сақтау арқылы 161 пункт базасында өткізіледі, – деді министр.
Биыл ҰБТ тапсыру ережесіне енгі­зілген жаңашылдықтарға тесті­леуге қатысу үшін құжаттарды онлайн тапсыруды және кіру кезін­де бет-әлпетін тану көмегімен (Face ID) тұлға сәйкестендіруді жат­қызуға болады, сондай-ақ ҰБТ электрондық сертификатын және білім беру грантын тағайын­дау туралы электрондық куәлікті енгізілді. Көрсетілген серти­фикат­тарға ие тұлғалар ҰБТ тап­ырудан босатылады және білім беру гран­тын тағайындау конкурсына қаты­са алады. Академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған, ҰБТ шектік балын жинамаған тү­лек­тер қайтадан ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие.
Ең алдымен мектеп бітірушілер қатаң санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. Яғни аудиторияларда әлеуметтік ара қашықтықты сақтау және маска кию міндетті. Желдету және ауаны зарарсыздандыру жүйесі қамтамасыз етіледі. ҰБТ өткізу пунктеріне кіретін жерде дезин­фекциялық тоннельдер мен тепловизорлар орнатылады. Түлек­тер үшін тыйым салынған зат­тар туралы талап қатаңдатылды. Егер бұған дейін абитуриенттен тыйым салынған зат табылса, ол тестілеуге қатыса беретін, ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап оқушы емтиханға кіргізілмейді. Ал ҰБТ тапсырып жатқан кезде тыйым салынған затпен ұсталса, тестілеу нәтижесі жойылады. Министрлік осындай ақпар таратты.
Биыл шекті балл қанша болады? Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін – 70 балл, ұлттық жо­ға­ры оқу орындарына немесе медициналық мамандықтарға – 65 балл, агроөнеркәсіп кешені маман­дықтарына – 60 балл, қалған жоғары оқу орындарына – 50 балл.
ҰБТ-ға қандай сұрақтар енбей­ді? Бұған да толыққанды жауап бар. Яғни 11-сыныптағы төртінші тоқсан бағдарламасының сұрақтары тест­ке енгізілмейді. Оқушылар төртінші тоқсанды то­лы­ғымен қашықтан оқы­ған­дық­тан, оларға жеңілдік жаса­лынып отыр.
Сондай-ақ түлектерге тест тапсыру орындарында калькуля­торлар берілетін болады және тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа өзгереді. Бұған қоса, ата-аналарға және басқа алып жүруші тұлғаларға балаларды ҰБТ өткізу пункттерінде күтуге тыйым салынады. «Ата-аналарға ҰБТ өткізу барысын қарау үшін онлайн таратылым жасалады. ҰБТ өткізу пункттері баррикадалық ленталармен қоршалады. ҰБТ өткізу пункттеріне кіру тәртібі тестіленушілердің арасында 2 метр қашықтық сақталуын қамтамасыз етеді.
Биылғы ҰБТ-ға енгізілген өзге­ріс­тер осындай. Жаңақор­ғандағы талапкерлер туралы аудандық білім бөлімінің бас маманы Ардақ Рыспанбетова тарқата айтты.
– Биыл аудан бойынша 653 түлек тестке қатысады. Яғни мектеп бітірушілердің 81 проценті білімін сынайды. Ауданда тестілеу 24, 25 және 26 маусым аралығында өтеді. Талап етілгендей, оқушылар барлық санитарлық шараларды қатаң сақтауы тиіс, – деді ол.
Жаңақорған ауданының түлек­тері ҰБТ қорытындысы бойынша жылда жақсы көрсеткіш көрсетіп келеді. Биыл да жоғары деңгейде көрінуге мүмкіндік көп. Оған соңғы жылдары білім саласына жасалған қамқорлықтың септігі тиетіні ақи­қат...


Әли ТЕМІРБЕК
09 маусым 2020 ж. 734 0