№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі туралы

Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі туралы



«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 19.12.20ж. №386-VІ Қазақстан Республикасының Заңымен ҚР Еңбек кодексіне бірқатар өзгерістер енгізіліп,  атап айтқанда, персонал беру жөніндегі жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін заңнамалық тұрғыдан реттеу, «кадрлармен қамтамасыз ету» түсінігін нақтылау және оны пайдалану тәртібін анықтау мақсатында жаңа Заң нормасы қабылданды.
Осы Заң аясында жұмыс берушілердің өз қызметкерлеріне үшінші тараптың мүддесінде, басқаруымен және бақылауымен жұмысты орындау үшін жіберуі қарастырылған, ал бұл ауыстыру Азаматтық кодекстің 687-1-бабына сәйкес персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартнегізінде ресімделуі қажет.
ҚР Еңбек кодексінің (әрі қарай-Кодекс)137-1-бабында персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша  қызметтерді жүзеге асыру тәртібі қарастырылған, онда жұмыс берушінің, персонал берушінің (жіберуші тарап) міндеттері және қабылдаушы тараптың міндеттері, сондай-ақ жұмыскерлердің құқықтары қарастырылған.
Яғни, Кодекс бойынша жіберуші тараптың жұмыскерін қабылдаушы тарапқа жіберуге қабылдаушы тараптағы жұмыстың орындалатын орны көрсетіле отырып, жұмыскер мен жіберуші тарап еңбек шартына не еңбек шартына қосымша келісімге қол қойғаннан кейін жол беріледі.
Жіберуші тараптың жұмыскерін қабылдаушы тарапқа ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарды орындау үшін жіберуге қабылдаушы тараптың өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері болған, сондай-ақ жіберуші тараптың жұмыскері оның жұмыс орны бойынша осындай нәтижелермен таныстырылған жағдайда жол беріледі.
Жіберуші тарап персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде қызметті жүзеге асырған жағдайда, жіберілетін жұмыскердің кәсіптік тәуекел сыныбы "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс. Жіберуші тарап жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандырылмаған жіберуші тараптың жұмыскерін жіберуге құқылы емес, ал қабылдаушы тарап жұмыс орнына кіргізуге құқылы емес.
Жіберуші тараптың жұмыскерлерін қабылдаушы тарапқа мынадай жағдайларда:
      1) жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмысты орындау үшін;
      2) белгілі бір жұмысты орындау уақытына;
      3) уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына;
      4) маусымдық жұмысты орындау уақытына жіберуге жол беріледі.
      Қабылдаушы тарап жіберуші тарапқа жіберетін, жіберуші тараптың жұмыскерлерін қабылдаушы тараптың тарту мерзімінің аяқталғаны туралы хабарламада көрсетілген күн жіберуші тарап жұмыскерінің қабылдаушы тараптағы жұмысының аяқталған күні болып табылады.
      Жіберуші тараптың жұмыскерлерін жұмысты орындау үшін қабылдаушы тарапқа жіберуге мынадай:Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес ереуілге қатысатын жұмыскерлерді ауыстыру; жұмыскердің денсаулық жағдайының нашарлауын қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жұмысты орындаудан бас тартқан жұмыскерлерді ауыстыру; жұмыскерлерді жұмыстан шығару қаупі төнген кезде жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында бос тұрып қалу, банкроттық рәсімін жүзеге асыру, толық емес жұмыс уақыты режимін енгізу жағдайларында жол берілмейді.
Жіберуші тарап жұмыскерлерінің жұмысты орындау шарттары мен тәртібі персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартта айқындалады, ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жіберуші және қабылдаушы тараптар арасында жасалады.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттың жіберуші тарап жұмыскерлерінің жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылуға жатпайды.
Қабылдаушы тарап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген еңбек және демалыс режимін реттеу кезінде жіберуші тарап жұмыскерлерінің құқықтарын сақтауға міндетті.
Қабылдаушы тараптың персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасасу кезінде жіберуші тараптың жұмыскерлеріне қатысты еңбекке ақы төлеу саласында кемсітушілікке жол беруіне тыйым салынады.
Жіберуші тарап жұмыскерінің өз денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, бұл туралы қабылдаушы тараптың өкіліне және жұмыс берушінің өкіліне хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуына құқығы бар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және міндеттерді атқарады.
Қабылдаушы тараптыңжіберуші тараптың жұмыскерлерінен қабылдаушы тараптың еңбек шартының талаптарын, еңбек тәртіптемесінің қағидаларын және басқа да актілерін орындауын талап етуге, жіберуші тараптың жұмыскерлерін қабылдаушы тараптың актісінде көзделген тәртіппен көтермелеуге, жіберуші тараптың жұмыскері еңбек міндеттерін атқарған кезде келтірген залалды өтетуге құқығы бар.
       Қабылдаушы тарапжіберуші тараптың жұмыскерін қабылдаушы тараптың жұмысқа (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар еңбек тәртіптемесі қағидаларымен, өзге де актілерімен таныстыруға, жіберуші тараптың жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өндірістік-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз етуге, жіберуші тараптың жұмыскерлерін еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті жабдықпен, аспаптармен, техникалық құжаттамамен және өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге, егер жұмысты жалғастыру жіберуші тарап жұмыскерінің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, оны тоқтата тұруға, жіберуші тараптың жұмыскерін зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары және кәсіптік аурудың ықтималдығы туралы хабардар етуге, жұмыс орындары мен технологиялық процестерде тәуекелдерді болғызбау бойынша шаралар қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуге және жіберуші тараптың әрбір жұмыскерінің жұмыс уақытының, оның ішінде ол орындайтын үстеме жұмыстардың, демалыс және мереке күндеріндегі, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін жүргізуге міндетті.
Жіберуші тараптың жұмыскері еңбек тәртібін бұзған жағдайда, қабылдаушы тарап осы факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім қабылдау үшін жіберуші тарапты хабардар етеді.
Жіберуші тарап жұмыскерінің қабылдаушы тарапқа келтірілген нұқсан үшін материалдық жауаптылығы осы Кодекстің 123-бабында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ еңбек шартында көзделген жағдайларда басталады.
Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қатынастары осы Кодекске, Қазақстан Республикасының заңдарына және еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Кодекстің 103 бабының 1-1 тармағына сәйкес, жіберуші тарап жұмыскерлерінің негізгі жалақысының мөлшері персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес ұқсас лауазымы, тиісті біліктілігі, мамандығы немесе кәсібі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, саны және сапасы, сондай-ақ өндірістік-тұрмыстық жағдайлар бойынша қабылдаушы тарап жұмыскерлерінің негізгі жалақысының мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Яғни, мұндай жұмысшылардың негізгі құқықтарының бірі-жалақысының қабылдаушы тарап жұмыскерлерінің (ұқсас лауазымы, тиісті біліктілігі, мамандығы немесе кәсібі бойынша,сондай-ақ өндірістік-тұрмыстық жағдайлар бойынша)негізгі жалақысының мөлшерінен кем болмауы болып табылады.
Негізгі жалақы деп тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық айлықақылар, кесімді бағалар бойынша төлемді қамтитын, жалақының салыстырмалы түрдегі тұрақты бөлігі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер түсініледі.
Сәйкесінше, ұжымдық шарттың талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалған сыйақы және ынталандыру төлемдерінің басқа да нысандары түріндегі жалақыны құрайтын өзге де төлемдер негізгі жалақыға енгізілмейді және жіберуші және қабылдаушы тараптың қызметкерлері арасында тең еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету кезінде ескерілмейді.
Бұл ретте, осы талаптар мердігерлік шарттар бойынша қызметтер көрсететін және (немесе) жұмыстарды орындайтын ұйымдардың қызметкерлеріне, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, технологиялық жұмыстарға, жүк және жолаушыларды тасымалдауға, сондай-ақ өтеулі байланыс қызметтерін көрсету, медициналық, ветеринариялық, аудиторлық, консультациялық, ақпараттық көрсетілетін қызметтер, оқыту, туристік қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтер және өзге де көрсетілетін қызметтер шарттарына қолданылмайды.
Осы шарттарға сәйкес бір тарап (орындаушы) екінші тараптың (тапсырыс берушінің) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты орындауға (қызметтер көрсетуге) және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырыс берушіге тапсыруға міндеттенеді, ал тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін қабылдауға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.
Бұл жағдайда жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) үшін орындаушы еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес орындаушының мүддесінде, басқаруымен және бақылауымен жұмыс істейтін жұмыскерлерді жұмысқа қабылдайды.
Сонымен бірге, бұл шарттардың мәні персоналды ұсыну бола алмайды, өйткені Азаматтық кодекске сәйкес бұл шарттардың мәні белгілі бір жұмысты еңбек құралы ретінде орындау немесе байланыс қызметтерін көрсету, медициналық, ветеринарлық, аудиторлық, консультациялық, ақпараттық қызметтер, оқыту, туристік қызмет көрсету болып табылады.

Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы
24 мамыр 2021 ж. 371 0