Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕР КОДЕКСНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

ЖЕР КОДЕКСНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Ағымдағы жылдың мамыр айында  Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Заңына қол койды.
Жер реформасы жөніндегі Комиссия жұмысының қорытындысымен Қазақстан Республикасының Жер кодексіне төмендегі бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
1. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіру;
2. Уақытша жер пайдалану құқығымен берілетін ауылшаруашылығы жерлерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу;
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймақтарынан ауыл шаруашылығы жерлерін табыстау талаптарын күшейту;
4. Тұрғындарға қажетті мал жайылымдығы алқаптарының көлемін анықтау;
5. Жеке тұрғын үй салу үшін халықтың жер учаскелеріне деген қажеттілігін мемлекеттік мұқтаждықтар деп тану.
 Бүгінгі күні, аталған өзгерістер мен толықтыруларға қатысты кеңінен түсіндірмелер беру және бірлесіп талқылау мақсатында өңірімізге Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Бимендина Гүлжахан Амангелдіқызы, жер қатынастарын дамыту және жерге орналастыруды дамыту басқармасының басшысы Жанар Каржанова және ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері НазираУсенова мен  Асем Серикбаева келді.
10 маусым 2018 ж. 897 0