№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі туралы

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі туралы


Мемлекет Басшысының 31.01.2017ж. Қазақстан халқына Жолдауы аясында әзірленген «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2018 жылы қараша айында электронды еңбек шарттарының тіркелуі мен бірыңғай сақталуын қамтамасыз ететін «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» (ары қарай-Жүйе) атты автоматтандырылған ақпараттық жүйе қолданысқа енгізілген.
Аталған Жүйеде жұмыс жасау жұмыс берушілерге еңбек шарттарын тіркеуге, еңбек шартына қосымша шарттар жасауға және еңбек шарттарының бұзылуын тіркеуге мүмкіндік береді.
Электронды еңбек шарттарын тіркеу үшін жұмыс беруші ең алдымен Электронды еңбек биржасына www.enbek.kz тіркелуі қажет және мекеме жөніндегі  мәліметтер электронды-цифрлық қолтаңбамен расталуы керек.
«Электрондық еңбек биржасы порталында еңбек шартарды тіркеу бойынша жұмыс берушілерге арналған нұсқаулық» «еnbek.kz» порталындағы «Көмек» бөлімінде орналастырылған.
Бұрын еңбек заңнамасымен жұмыс берушілердің міндетіне жұмыскерлермен жасалатын еңбек шарттарының мәліметтерін Жүйеге енгізу міндеттелмеген болатын.
2020 жылдың 4 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен ҚР Еңбек кодексіне (ары қарай –Кодекс) өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жұмыс берушілердің негізгі міндеттері көзделген 23-бабы 2-тармағы жаңа 27-тармақшамен толықтырылған.
Кодекстің 23 бабының 2 тармағының 27 тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1 тармағының 1),2),3),4),5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті болып табылады.
Яғни, бұдан былай жұмыс беруші еңбек шартын жасасу, тоқтату және тараптардың реквизиттері, белгілі мамандық, кәсіп, біліктілік немесе қызмет бойынша жұмысы,жұмыс істеу орыны, еңбекшартының мерзімі, жұмыстың басталу уақыты, шарт жасасу мерзімі мен реттік нөмірі туралы мәліметтерді электронды түрде еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті болып табылады.
Сонымен қатар, Кодекстің 33-бабы 1-тармағы электронды еңбек шартын жасау жөніндегі екінші бөлікпен толықтырылған.
Бұл бөлікте «Еңбек шартын жасасу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жүргізілуі мүмкін» деп көрсетілген.
Кодекстің 23 бабының 2 тармағының 1 тармашасына сәйкес, жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға міндетті.
Кодекстің 14 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Сондықтан, облыс аумағында орналасқан барлық субъектілердің жұмыс берушілеріне (мемлекеттік және кәсіпкерлік субъектілердің жұмыс берушілері)  жоғарыда аталған Кодекстің талабына сәйкес, қарамағында жұмыс істейтін жұмыскерлерінің еңбек шарттарын  Жүйеге тіркеу қажеттігін назарларына жеткізе отырып, еңбек заңнамасының талабын сақтауға шақырамыз.

Облыс еңбек саласындағы
бақылау басқармасы
10 ақпан 2021 ж. 466 0