№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа жүйенің берері көп

Жаңа жүйенің берері көп


«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттардың бірі. Бұл жүйенің негізгі міндеті – азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыруды көздейді. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау болды, азаматтық қоғамға қолдау көрсетіліп, әлеуетін нығайтуға мол септігін тигізуде. Осы бағытты насихаттауға ауданға арнайы ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова бастаған жұмысшы топ келді. «е-Өтініш» ақпараттық жүйесін енгізудің маңызын түсіндіріп, жобаның жүзеге асуына мән берді.


Жиынға аудан әкімі Руслан Рүстемов модераторлық етті. Алдымен сөз алған Тамара Қасымқызы:
– Иә, билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Президент Жолдауында айтылған пікірді осы бір екі ауыз сөзге сыйдыруға болады. Бізді қуантатыны, айтылған сөз іс жүзінде де жүзеге асып келеді. Десе де, кемшін тұстар да жоқ емес, сондықтан жаңа жүйенің тиімділігі осы оқылықтарды түзейді.
Бұл тұжырымдаманы іске асыру жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау бойынша «Азаматтарға ар­налған үкімет» мемлекеттік корпо­рациясының базасында, қала мен аудан орталықтарында және ауылдық округтерде «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі енгізіліп, дамыту жұмыстары жүргізілуде. Президент 2020 жылы 29 маусымда қол қойған ҚР Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі биылғы 1-шілдеден бастап күшіне енеді (ӘРПК). Жаңа Кодекс – Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясының іргелі нормативтік құжаты болып саналады, – деді ол.
Түсінгеніміз, бұл жерде ӘРПК мем­лекеттік органдардың өтініш беру­шімен жұмыс парадигмасын түбегейлі өзгертетін болады. Яғни, өтініш беруші «е-Өтініш» біртұтас ақпараттық жүйесі арқылы өз өтінішінің мемлекеттік органдарда қаралу барысын көріп отыруға мүмкіндік алады.
– Сондай-ақ өтініш беруші дәлелдер келтіру және оларды зерделеуге қатысу және түсініктеме беру, қажетті құжаттарды ұсыну құқығына ие болады. Өтініш беруші мемлекеттік органнан алған жауабына қанағаттанбаса, оның жоғары сатыда тұрған органға шағым келтіруге, одан кейін шешім қабылдаған мемлекеттік органды талап арызбен сотқа беруге құқығы бар. Азаматтар мен бизнес өкілдерінің талап арызын арнайы әкімшілік соттар мемлекеттік органдардың «кінәлілік презумпциясы» қағидаты бойынша қарайтын болады. Яғни өтініш беруші емес, мемлекеттік орган өзі қабылдаған шешімінің немесе берген жауабының дұрыстығын дәлелдеп, негіздейтін болады, – деді Тамара Дүйсенова.
Оның сөзінше, былтыр республика бойынша Президент әкімшілігіне 450 мыңнан аса арыз-шағым келіп түскен. Соның ішінде Сыр өңірінен де аз емес, Тамара Қасымқызы біздің өңірден түскен өтініштің 70 мыңға жуығы былтыр карантин кезінде берілетін 42 500 теңгенің жыры дейді. Яғни, қандай құжатты қайда тапсыру қажет және өзге де мәселелер бойынша түскен шағымдардың 90 процент шешімін тауыпты.
– «е-Өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесіне 100% мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қосылған. Айта кетейік, бұл жүйе пилоттық форматта өткен жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейді. Жыл басынан бері облыс бойынша азаматтардан 12 000-нан астам өтініш келіп түскен. «е-Өтініш» – бұл барлық мемлекеттік және сот органдарына, сондай-ақ өтініш берушілерге өтініштерді қарау бойынша бүкіл тарих сақталатын бірыңғай база.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай ақпараттық жүйесіне кезең-кезеңмен көшу жүзеге асыры­латын болады және азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініштері бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы түсетін болады. Осы жүйенің көмегімен өтініш беруші өтінішті қарау барысын бақылай алады. Өтініштерді қарау мерзімі 15 күнді құрайды, – деді бөлім басшысы.
Жиынға келген облыс әкімінің орынбасары Балжан Мөрәліқызы өзі жетекшілік жасайтын білім, денсаулық әлеуметтік сала бойынша жүйенің жүргізілу жайын ортаға салды. Арыздарды қарау тәртібін түсіндірді.
Жалпы, әкімшілік әділет жүйесін құру ОЭСР елдерінің озық тәжірибесінде бар және Латвия, Грузия, Молдова, Әзірбайжан және басқа елдерде сәтті іске асырылуда. Қазіргі таңда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 100 проценттік ақпараттық жүйеге қосылған, соған сай пилоттық қолдану жүргізілуде.
Президент өз Жолдауында сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге, бизнесті дамытуға, қаржы ресурстарын дұрыс бөлуге, халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуге, ел аймақтары арасындағы теңсіздікті жоюға және халықты толғандырып жүрген басқа да мәселелерге ерекше көңіл бөлді. Президенттің қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының маңызды екеніне екпін беріп, азаматтарды ашық диалогқа шақыруын ел қос қолдап қолдауда. Әрине қалың елдің жүрегінен жол табу да оңай емес. Ол үшін билік пен халық арасында ашық диалогқа құрылған алтын көпір болуы керек. Осы жағына көбірек көңіл бөліп жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев көп уақытын бұқарамен кездесуге, ашық-жарқын пікір алмасуға, елдің жағдайымен жақыннан танысуға арнап жүр.
Жалпы, азаматтық қоғам қалып­тастырудың алғышарттары міне, осындай іс-әрекеттерден бастау алса керек. Кез келген адамға теңдік танытып, кеңдік көрсету ең алдымен адамның саналылығын білдіреді. Жүректерге жол табу, кісінің көңілінен шығу – қазаққа тән қасиет десек, біздің қазақ осынау қасиетімен көп нәрсені оңтайлы шешіп отырған. «Жанымды алсаң да пейілімді алма» деген қонақжай халық осынау кеңпейіл көңілінің, жомарт жүрегінің арқасында небір аумалы-төкпелі қиын-қыстау кезеңдерден аман өтті. Ендеше Президент Жолдауы жүктеген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, ондағы айтылған әрбір сөздің астарына үңіліп, мағынасына мән беретін болсақ және оның орындалуына бәріміз бірдей атсалыссақ, біз үшін маңызды құжатта айтылған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» болудың да ауылы алыс емес.
Ең бастысы, билік пен халықтың арасы етене жақын болуы тиіс. Тамара Дүйсенованың жүйе туралы тапсырмасының астарында осындай талап жатқанын түсіндік. Енді, галстук таққан ақ жағалылардың қызметіне жауапкершілік танытып, елмен етене жұмыс жасауы сарапталатын болады.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
22 мамыр 2021 ж. 396 0