Жаңақорған аудандық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады
Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Ә.Б.Түбекбаева ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ерекше назар аударылып, осыған орай мемлекеттік органдарда республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау өткізу жоспарына сәйкес Жаңақорған аудан тұрғынын қабылдады.
Шара барысында қабылдауға келген аудан тұрғыны Қ. сот актісінің орындалуы жайлы мәселемен жүгінді.
Сот төрағасы қабылдауға келген аудан тұрғынына заң талаптарына сәйкес түсіндірмелер берді.
Судьялардың халықпен жүздесуі азаматтарға дәйекті жауап алуға, әділ сот төрелігіне деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.