№70 (8884) 16

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (8883) 13

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (8882) 9

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңақорған аудандық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады



Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Ә.Б.Түбекбаева ағымдағы жылдың 22 қарашасында  Қазақстан  Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ерекше назар аударылып, осыған орай мемлекеттік органдарда республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау өткізу жоспарына сәйкес Жаңақорған аудан тұрғындарын қабылдады.

Шара барысында қабылдауға  келген аудан  тұрғыны С.Р. сот актісіне шағым келтіру тәртібін сұрап жүгінсе, азаматша А.Н. банк заем шартынан туындаған дау бойынша мәселемен жүгінді.
Сот төрағасы қабылдауға келген аудан тұрғындарына заң талаптарына  сәйкес түсіндірмелер беріп, дауды медиация тәртібімен шешуге болатынын түсіндірді.
Судьялардың халықпен жүздесуі  азаматтарға дәйекті жауап  алуға, әділ сот төрелігіне деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.
 
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
26 қараша 2019 ж. 888 0