Аурудан айыққандардың айтары бар
Ауданға белгілі мәдениет саласының ардагері Мәдениет Тотаев ағамыз өткен жылы қатты науқастанып ауруханаға түскендердің қатарынан болды. Екі аптадан аса ем қабылдап, жазылып, үйіне шыққан ағамен тілдесудің сәті түсті.
– Ауру айтып келмейді ғой. Күнделікті тіршілігім бір сәтке басқа арнаға ойысып ауруханадан бір-ақ шықтым. Барғандағы жағдайыммен қазіргі сәтімді мүлдем салыстыра алмаймын. Екі өкпем сырылдап, жүрегім қысылып әрі-сәрі күйге түсіп жедел жәрдем көлігін шақырдық. Олар коронавируспен күрес орталығына жеткізді. Мұнда Әсел Сейілова бастаған дәрігерлер мен мейірбикелер аурудың алдын алу мен оны емдеуге әбден машықтанған екен. Тұрақты ем-дом мен ұдайы бақылаудың арқасында он бес күн дегенде отбасыма оралдым. Қызметкерлерге мың алғыс айтамын, – деп ақжарма тілегін өлеңмен жеткізді.
– Көзім көрді, көңілім толды, қызметіңе дәрігер!
Әр науқасқа шипа беріп,
болдың әр кез әбігер.
Ескерусіз қалмайды еш,
ерлікке толы еңбегің.
Ертеңгі күн құрметтейді,
қаумалаған қалың ел.
Бет жүзіңді түр тұлғаңды
ауа өтпестей тұмшалап,
Маңдайдан тер, құйылып
көзден тыйылмастан жас тамады.
Жаны ауырған науқастар
саған ренжіп ұрсып жатса да,
Күлім көзбен, жылы сөзбен жадырайды қас-қабағың, – деп медицина мамандарына алғысын жеткізді. Әрі алты айдан соң вакцина салдыратынын, бұл аурумен күресудің жалғыз ғана жолы екенін айтты.
Мәдениет ағамыз секілді ауыр науқастан жазылып шыққандар қаншама. Ал аурудың алдын алып, екпе салдырып, иммунитетін қалыптастыруға мән беріп жатқан тұрғындар да жетерлік. Соның бірі – Эльмира Қанатқызы. Ол екпе салдырғаннан кейінгі жағдайымен бөлісті.
– Иә, расымен вакцинаны бүкіл әлем қабылдауда. Вакцина алуға мен де бел будым. Бұл екпенің басқа екпелерге қарағанда ешқандай айырмашылығы жоқ деп ойлаймын. Жыл сайын тұмауға қарсы екпені барша жұрт алып жүр. Басқа да аурулардың алдын алуға емханаға барамыз. Екпеден кейінгі жағдайым бірқалыпты. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін де вакцина салдыру керек деген пікірдемін. Бұл вакцина барлық тұрғын үшін пайдалы деп ойлаймын, – деді ол.

Әйгерім МӘДИҚЫЗЫ