Рахмет дәрігер, алғысқа бөлене беріңдер
Елімізге үрей әкелген індеттің біз ауданымызды да айналып өтпегені көпшілікке белгілі. Елде карантин шаралары ендіріліп, халықтан сақтық шараларын қатаң сақтауды талап етілгені аян. Әйтсе де коронавируспен қабаттасып өкпе қабынуы деген дерттің ауыл-аймақты аралап, бірқатар адамдардың осы індетке шалдығып ем қабылдауына тура келуде. Осы мақсатта аудан көлемінде орталық ауруханаға қосымша үш бірдей провизорлық орталықтар құрылып, жұмыс жасап жатыр. Бұл да болса аурудың алдын алып, сырқаттанған жандарға жедел медициналық көмек көрсетіп, ем-дом жасауға жол ашып отыр.
Өзімде жақында осы пневмониямен ыстығым көтеріліп, тәбетім болмай аудандағы қосымша ашылған №3 провизорлық стационарға түстім. Онда дәрігерлер жедел түрде қарап, диагнозын қойып, қажетті емдеу шараларына кірісіп кетті. Соның нәтижесінде 13 күн ем алып, сырқатымнан сауығып отбасыма, қуанышпен оралдым.
Осы орайда №3 провизорлық стационардың ақ халатты абзал жандарына айтар алғысым шексіз. Күн-түн қатып, сырқат жандардың жанынан табылатын, жылы сөзімен емделушілердің ойынан шығатын жүрегі кең жандардың ісі мен еңбегіне риза болдық. Әсіресе, дәрігерлер Жұмаш Мерей, Балтабай Махатов, аға мейірбике Тұрғаш Даниева, мейірбикелер Жанар Омарова, Сымбат Нұртасбек, Қаламқас Қанайбекова, Тілектес Салыбековалармен бірге Исаев Мәди, Саулебеков Айдос, Абдықалық Нұрдаулеттің тындырымды тіршілігіне, тынымсыз қимылына, жеңіл қолды шипасына риза болдық. Орталықтың санитарлық жағдайын қадағалап, мүлтіксіз орындап отыратын Гүлнар Омарова мен Нұрсұлу Абдлуллаеваның да еңбегіне емделушілер дәл риза.
Иә, Гиппократ антына адал болу, халыққа мінсіз қызмет жасап, көптің ойынан табылып, ақ халаттының абыройына дақ түсірмей алғысқа бөлену – бақыттың биігі. Ендеше мерейлерің үстем болып, алғысқа бөлене беріңіздер дейміз.
Қолы жеңіл инең де білінбейді,
«Ем болсын»- деп биязы күлімдейді.
Дертің қашып жып-жылы сөзден кейін,
Жүрек тыншып еш қашан сүрінбейді.
Риза үлкен – кіші сырқаттарың,
Алғаусыз алғыс айтам тыңдап қалғын.
Қолыңның шипасына қайран қалып,
Жаныңнан ұққандаймыз сыр қатпарын.
Файзулла Сахиев
Халықаралық Жазушылар,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,
ауданның «Құрметті азаматы».
Халықаралық Жазушылар,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,
ауданның «Құрметті азаматы».