№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Маңызды мәселелер қаралды

Маңызды мәселелер қаралды


Аудан әкімдігінде Мемлекеттiк рәмiздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысында үш мәселе қаралды. Оған сала басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.


Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің модераторлығымен өткен жиынның күн тәртібінде Мемлекеттік рәміздерді қолдану заңдылығының сақталуы мен рәміздерді насихаттау мақсатында атқарылған жұмыстар талқыланды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов баяндама жасады.
– Мемлекеттік рәміздерді ережеге сай қолдану, халық арасында насихаттау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Тексеру, түсіндіру жұмыстары барысында елді мекендегі бірқатар мекемелерде Мемлекеттік рәміздер ережеге сай орнатылмағаны белгілі болды. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданатыны ескертілді, – деді сала басшысы.
Комиссия отырысында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталғаны және біздің ауданнан 91 азамат аттануы тиіс екені айтылды. Бірақ жағдай қиын. Мұны Жаңақорған ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Рамазан Назаров түсіндірді.
– Көктемгі әскерге шақыруға ҚР Қорғаныс министрінен біздің бөлімге тапсырма берілген. Тамыз айына дейін 91 жасты әскерге жіберуіміз керек. Бізге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне 9 әскерге шақырту келді. Осы межені әлі толық орындай алмай отырмыз. Әзірге бір ғана баланы жіберіп отырмыз. Ел қорғайтын азаматтарымыз қашып жүр. Мұндайда әскерден қашу – Отанға сатқындау жасаумен тең деп бағалауымыз тиіс. Әрі осылай насихаттау керек. Қаратөбе, Сунақата, Ақүйік, Келінтөбе, М.Нәлібаев, Өзгент және Талап ауылдық округінен әскерге бала жібермек түгілі, медициналық тексеруден де өтпей жатыр, – деді ол.
Ал ауданның бас дәрігері Яхия Шорабаев елде таралған індет жөнінде баяндады.
– Ауданымызда жыл басынан бері 233 адам тіркелсе, оның 92-сі осы сәуір айында тіркеліп отыр. Осы тұста айта кетейін, осы жолғы вирус өте тез таралуда. Жұғу қауіпі өте жоғары және ауырған адамның жағдайы 1-2 күннің ішінде-ақ қатты нашарлап жатыр. Қазір ауруханада 36 адам жатыр, жыл басынан бері 7 адам қайтыс болды. Сол себепті халық арасында вакцина салдырудың, оның ең ұтымды жол екенін түсіндіруіміз тиіс. Қазір келіп жатқан QazVac – бұл инактивтендірілген, тазартылған және концентрацияланған вакцина. Оның құрамына алюминий гидрототығы – адъювант қосылған. Отандық вакцинаны әзірлеу барысында жылдар бойы қолданылған технология пайдаланылды. Оның барлық компоненті сенімді, өйткені олар басқа вакциналарды әзірлеу кезінде апробациядан (сынақтан) өткен. Сол себепті тұрғындардың қауіптенуіне ешқандай негіз жоқ, – дейді дәрігер.
Жиын соңында аудан басшысы Руслан Рүстемұлы ауылдық округ әкімдеріне және тиісті мекеме басшыларына аталған мәселер бойынша нақты тапсырмалар беріп, мәселенің шешу жолдарын саралап, жедел әрекет етуге шақырды.

Әсел РЗАЕВА
05 мамыр 2021 ж. 464 0