«Тәуелсіздігімнің айғағы Мемлекеттік Рәміздерім!»
Аудан әкімі Руслан Рүстемұлымен бекітілген аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, бүгін аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында «Тәуелсіздігімнің айғағы Мемлекеттік Рәміздерім!» атты онлайн форматта жиын өтті.
Аудандық ішкі саясат бөлім басшысы А.Тулегенов мемлекет басшысының мақаласымен таныстырып, Мемлекеттік Рәміздердің құндылығы жайында, мемлекеттік нышандарын қадірлеп қастерлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті.ZOOM платфорамасы арқылы аудандық кітапханада өткен жиынға кент, ауылдық округтер мен дербес бөлімдердегі Мемлекеттік Рәміздерге жауапты заңгер мамандар, ҮЕҰ өкілдері, белсенді жастар мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысып, Мемлекеттік Рәміздерді қолдану мен пайдаланудың негізгі ережелері бойынша өзара пікіралмасты.
Алдағы уақытта Мемлекеттік Рәміздерді ұлықтау мен оны пайдаланудың негізгі ережелері мен белгіленген стандарттары бойынша облыстық деңгейдегі мамандарды қатыстыра отырып, пікіралмасу өткізу жоспарда бар.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік желідегі жазбасынан үзінді