Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛДІКТІҢ НЫШАНЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛДІКТІҢ НЫШАНЫ


«Мемлекеттік нышандарды айғақтайтын рәміздерге деген құрметті арттыру – баршаға міндет». Бұл аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Айтбембеттің төрағалығымен өткен аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысында айтқан сөзі. Иә, елдік пен азаттықтың нышаны саналатын рәміздерге айрықша құрмет көрсету әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы.
Алайда, келелі басқосу барысында рәміздерді қолдану аясында кемшіліктерге жол бермеу керектігі қатаң айтылды. Күн тәртібіне сай 4 ауылдық округ әкімі мен 1 сала басшысының есебі тыңдалды.
Қандөз ауылдық округінің әкімі Роза Исаева мемлекеттік рәміздерге байланысты атқарылып жатқан жұмыстарын баяндады.
– Рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында ауылдық округте жылдық жоспарға сай шаралар өткізілуде. Әсіресе, ауыл жастары мен оқушылар арасында патриоттық бағыттағы жиындар жиі ұйымдастырылады. Ауылдық клубта «Отан – оттан да ыстық» атты қабырға газеттері сайысы, кітапханада «Мемлекеттік нышандар» атты дөңгелек үстел, білім ордасында «Егемен елдің көк туы желбіреген» атты оқушылар арасында патриоттық әндер байқауы, балабақшада «Рухты асқақтатар рәміздер» атты тәрбие сағаты өткізілді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы мәдени көпшілік игі істер жалғасын табатын болады – деді ауыл әкімі.
Мұнан кейін Өзгент ауылдық округінің әкімі Ж.Мырзабаев, Қыркеңсе ауылдық округінің әкімі Ж.Орынбасаров, Жайылма ауылдық округінің әкімі Т.Зейдалиев Мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы бағытындағы жұмыстарын хабарлап, жоспарларымен бөлісті.
Өз кезегінде аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық жергілікті полиция қызметі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы бірлесе отырып, маусым айының алғашқы күнінде кент, ауылдық округтерде орналасқан мемелекеттік мекемелерде Мемлекеттік нышандардың қолданылу аясында рейд жүргізуге комиссия төрағасына ұсыныс берді.
Өз кезегінде комиссия отырысын түйіндеген аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Әйтбембет барлық мемлекеттік мекеме, кәсіпорын басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдеріне хаттамалық тапсырма жүктеді. Біріншіден, мемлекеттік стандартқа сай келмейтін ҚР Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру, жою ережесі негізінде мекемеішілік тұрақты комиссия жұмысын жандандыру. Екіншіден, Мемлекеттік рәміздерді насихаттайтын стенділер, көрнекі үгіт-насихат құралдары жаңартылып, жай-күйіне тұрақты бақылау жүргізу. Үшіншіден, Мемлекеттік рәміздерге байланысты кемшілік жіберілген жағдайда мекеменің бірінші басшысының тәртіптік жауапкершілігін қарау. Соңғысы, ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану мәселелері бойынша облыстық, аудандық инспекциялық топтың тексеру қорытындысымен анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданатынын ескертті.
Иә, кез келген өркениетті елге тән ортақ ұқсастықтары мен рухани құндылықтары болады. Ту, Елтаңба, Әнұран – солардың бірегей нышаны. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір қазақстандықтың абыройлы борышы.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
02 маусым 2018 ж. 1 851 0