№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Рәміздер – елдіктің негізі

Рәміздер – елдіктің негізі


Аудан әкімдігінде Мемлекеттiк рәмiздер жөніндегі комиссия отырысының кезекті жиыны өтті. Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков модерлаторлық еткен жиынға сала басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.


Күн тәртібінде Мемлекеттік рәміздерді қолдану заңдылығының сақталуы мен рәміздерді насихаттау мақсатында атқарылған жұмыстар талқыланды. Бірінші Келінтөбе ауылдық округінің әкімі Жақсылық Әбілхайыров елдіктің нышаны саналатын рәміздерді насихаттау бағытындағы жұмыстарды баяндады.
Одан кейін Төменарық ауылдық округінің әкімі Нүркен Қошқарбеков: «Мемлекеттік рәміздерді ережеге сай қолдану, халық арасында насихаттау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Тексеру, түсіндіру жұмыстары барысында елдімекендегі №11 «Балауса», №12 «Балдаурен» бөбекжай балабақшасында және «Төменарық ауылдық клуб» үйінде Мемлекеттік рәміздер ережеге сай орнатылғаны белгілі болды. Алдағы уақытта өзге мекемелерге арнайы барып, түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады», – деді.
Жиын барысында келесі сөз кезегін аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімінің басшысы Есдәулет Сейловпен Талап ауылдық клуб үйінің директоры Жәнібек Сыздықов сөз алып, Отанға қызмет Мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен бастау алатынын айтып өтті.
Мемлекеттік рәміздер туралы конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралып жатқанын ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов жеткізіп, сала басшылары мен әкімдерге латын харпімен жазылған Елтаңбаға ауыстыруды ескертті.
Мемлекеттік рәміздер мемлекет­тіліктің мерейін көрсетіп, ұлттың кешегісі мен келешегінен хабар беретін құндылық. Сондықтан комиссия отырысында рәміздерге құрмет көрсетіп, насихаттау күн тәртібіне қойылғаны құптарлық жайт.

Лаура БИБАСАРОВА
27 қараша 2019 ж. 939 0