№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Маңызды мәселелер талқыланды

Маңызды мәселелер талқыланды

Аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларының қатысуымен көктемге дайындық жұмыстары пысықталды. Саялы ағаштар мен жеміс-жидектің көшетін отырғызу жұмыстары маусым бастала сала аудан әкімінің тапсырмасына сай кент және ауылдық округтерде қарқын алу керектігі назарға салды.
Алдымен, сала мамандары Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры Ниязхан Мұқанов баяндама оқыды. Орман тұқымбағында жеміс, саялы ағаш көшеттерін өсіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстары мен орманды қорғау, сақтау, орманды күзету және қорғау, орманды пайдалану жөнінен атқарылған жұмыстарға тоқталған мекеме директоры орманды жерлердің көлемін арттыру мақсатындағы жұмыстарды да кеңінен баяндай кетті. Оның сөзінше, орман қоры жеріне жыл сайын 1200 гектар жерге сексеуіл тұқымы себіледі екен. Ағаш көшетін өсіруді қолға алып, облыстың көркейту-абаттандыру жұмыстарына атсалысу қажет. Бүгінгі жиналыста осы бағыттағы жұмыстарды пысықтап, тың идеялар мен ұсыныстар ортаға салынып, талқыланды.
Келесі кезекте, жастарды әскерге шақыру науқаны басталғандығын және ауылдық округтердің жастары медициналық тексеруге келе бермейтінін қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Рамазан Назаров баяндады.
– Аудан бойынша 18-27 жас аралығындағы 546 бала бар. Жыл басынан бері 3 адам ғана әскерге аттанған. Биыл 91 балаға шақырту келіп отыр. 2020 жылы күзгі әскерге шақыру барысында жастардың арасында Ресейде жұмыс жасайтындары белгілі болды. Олардың ата-анасы ақша тапқанын дұрыс санайды екен. Отан алдындағы борышты өтеу азаматтық іс. Осыны көп ата-аналар түсіне бермейді. Бүгінде жастардың патриоттық сезімі жоғары деп айта алмаймын. Бірақ, нарық заманында көбісі отбасын асырап, жұмыстан шыға алмай жатады. Дегенмен, әскерге бару негізгі міндет екенін естен шығармаған абзал. Сондықтан, барлық шақырту алған азаматтар уақытылы келсе деймін. Әсіресе ауылдық округ жастары тексерілуден көп жалтарады. Олар міндетті түрде комиссия тексерісіне келуі керек, – деді Рамазан Оңласынұлы.
Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов алда наурыз мерекесі келе жатқанын атап өтіп, ұлттық мерекені ұлттық деңгейде өткізу керектігін тапсырды.
– Мына карантиндік шараларға байланысты наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған іс-шаралар онлайн, офлайн форматта өтеді. Қазақ халқының ең ұлық мерекесі болғандықтан, үлкен дайындықпен өтуі тиіс. Барлық ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталуы тиіс. Тек, спорттық ойындардың ішінде күреске ғана шектеу қойылып отыр. Өйткені, күресте тым жақын қарым-қатынаста болады деп ескеріп отыр. Ең бастысы қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, мұқтаж адамдарға көмектесуіміз керек, – дейді.
Күн тәртібіндегі аталған мәселер бойынша жан-жақты талқыланып, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, аудан әкімі Руслан Рүстемұлының тапсырмасымен көшіп баруы тиіс ауылдық округ әкімдері, учаскелік полиция қызметкерлерінен жауап алынды. Нәтижесінде, бүгінгі таңға дейін 4 ауылдық округ әкімдері көшіп барған. Қалғандары үйдің жоқтығы мен ауа-райының салқындығын алға тартып, алдағы уақытта көшіп баруға уағдаласты.
Әсел РЗАЕВА
17 наурыз 2021 ж. 607 0