№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Келелі мәселелер талқыланды

Келелі мәселелер талқыланды

   Жақында аудан әкімдігінде өткен комиссия отырысының күн тәртібінде әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат және адамдарды заңсыз әкету мен әкелу, олардың саудасына қарсы күрес жөнінде, сонымен қоса Мемлекеттік рәміздер жайында атқарылып жатқан жұмыстар туралы талқыланды.

   Жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков аталған мәселелер бойынша меке­мелерде қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады. Алдымен аудан әкімінің әйелдер ісі, отбасы демографиялық саясат жөніндегі кеңесшісі Әзия Қыстаубаева есеп беріп, атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.
– Қазақ әйелдері қашанда ақыл парасаты мен біліміне сай төрден орын алып, құрметтелген. Біздің ауданда отбасы мен қызметін қатар алып жүрген әйелдер қауымы көп. Аудандағы 8 мекемені, 3 бөлімді, 11 мектепті, 26 мемлекеттік, 76 жеке балабақшаны нәзік жандылар басқарса, білім мен денсаулық саласында 70 пайыздан астам қыз-келіншектер жұмыс жасайды. Осы орайда, аудандағы әйелдер жұмысына қолдау көрсету мақсатында бірнеше шаралар ұйымдастырылып жатыр, – деген Әзия Қыстаубаева атқарылған әр жұмысына нақтылай тоқталып өтті.
Одан әрі Ә.Бекішов, Е.Әлменов, Қ.Қожамжаров және Ә.Сабырханов, Ж.Мырзабаев Жаңақорған, Шалқия кенті мен Манап, Өзгент, Екпінді ауылдық округтерінің белсенді әже­лер мен әйелдер кеңесінің ұйытқы болуымен отбасы беріктігін сақтауға бағытталған, салт дәс­түрді насихаттауға арналған жұмыстараның орындалуына тоқ­талды. Ал, Аягөз Айдосова аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген отбасы саясатын насихаттауға арналған шараларына кеіңінен тоқталды.
Сондай-ақ, адамдарды заңсыз әкетумен, әкелумен және олардың саудасына қарсы күрес мәселелері жө­нінде қабылданған шараларды, оның ішінде, коммерциялық тұрғыдан еңбек және сексуалдық пайдаланушылыққа қарсы ашық тәрбие сағаттарын барлық білім беру ұйымдарында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Мейірхан Оспанов талқылады. Ал, аудандық аграрлық техникалық колледжі студенттері арасында ұйымдастырылған жұмыстар мен спортттық шаралар, кездесулер жайлы М.Ахметов мәлімдесе, Ә.Сабырханов, Ж.Мырзабаев және А.Мұсаев Шалқия кенті мен Өзгент, Ақүйік ауылдарындағы тұрғындар мен жастар арасында адам саудасына қарсы атқарылған шаралардың қортындысын хабарлады.
Сонымен қоса, алқалы жиында М.Абдуллаев, С.Ибрагимов, С.Бейім­бетов Сүттіқұдық, Жаңарық, Қыраш ауылдық округ әкімдерінің Мемлекеттік рәміздерді қолдануы, пайдалануы және насихатталуы жайлы жоспарларымен бөліссе,К.Әбілтанова «Арман» кенттік мәдениет үйі директорының мемлекеттік мекемедегі Мемлекеттік Рәміздерді қолдну заңдылықтары мен рәміздерді насихаттау мақсатында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.
Комиссия отырысы соңында жиынға қатысушылар хабарламашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныс айтып, өзара пікір алмасты.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.

22 желтоқсан 2018 ж. 1 146 0