№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Covid-19: Қызылорда қызыл аймаққа енді

Covid-19: Қызылорда қызыл аймаққа енді

Құрметті жерлестер, қадірлі әлеуметтік желі қолданушылары!
Ауданда 2021 жылдың сәуір айының үшінші онкүндігі аралығында коронавирус инфекциясымен 164 науқас тіркеліп, оның «Covid-19» нақтыланғаны 130 жағдай, 34-і коронавирусты пневманияға шалдыққан. Бүгінгі күнге 64 науқас емделіп шықса, 96 науқас ем қабылдауда.
Үй жағдайында бақылауға алынғандар 65. Ауданаралық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде 30 науқас, 1 науқас облыстық перинитальдық орталықта (жүкті әйел) ем қабылдауда.
Ауру ошағында қарым қатынаста болған 1219 адам медициналық бақылауға алынған. «Covid-19» нақтыланған науқастың 4 жағдайы өліммен аяқталды.
Аудан әкімі жанынан құрылған мониторингтік топтен рейдтік тексерулермен 287 нысан қамтылып,
21 карантин талаптарын бұзушылық фактілері анықталып ҚР ӘҚБтК-тің 425-бабының 1 - бөлігімен жалпы соммасы 1502255 теңгеге әкімшілік айыппұл салынып өндірілген. 78 ошақта залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Карантин талаптарын бұзудың ішінде той жасаудың 18 фактісі анықталған. Бұл әлі де болса адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін отбасылық шаралардан саналы түрде бас тартпауымыздан эпидимиологиялық ахуал күрделене түсті.
Эпид ахуалды тұрақтандырып онымен күресудің бірінші жолы ұжымдық иммунитет қалыптастыру, яғни екпе салдыру. Ауданымызда 1160 азамат «Спутник V» екпесін салдырды.
Бейқам отырып, екпе салдыруға қорқынышпен қараудан арылып салғырттық танытпай, сақтық шараларын күшейтіп, екпе салдыруға шақырамыз.
Отбасылық той жиындар мен салтанатты өзгеде іс-шаралар өткізуден саналы түрде бас тартып, тиым салынған шектеу шараларын бұлжытпай орындайық.
Бәрінен де адам өмірі мен оның денсаулығы қымбат. Қасиетті Рамазан айында да көпшілікті жинап ауызашарлар бермеуді, егде жастағы және балиғатқа толмаған азаматтар құлшылық ғибадаттарын өз үй жайларында орындауды әсте естен шығармайық.
Қадірлі жерлестер!
Ортақ жауапкершілік пен қауіпсіздік үшін санитарлық талаптардың қарапайым қағидаларын ұстанып, саналы түрде жиын-той өткізуден, ауызашар беруден, көпшілік орындарға ретсіз барудан бас тартайық.
Карантин талаптарын сақтайық! Сақтанайық, сақ болайық!
21 сәуір 2021 ж. 502 0