Соңғы жаңалықтар

ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМ МУЗЕЙДЕ

19 маусым 2026 ж. 55

Ерекше кітапхана

19 маусым 2026 ж. 146

№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » COVID-19: Шиелі ауданында 47-ші науқас тіркелді

COVID-19: Шиелі ауданында 47-ші науқас тіркелді

Қызылорда облысында бүгін, яғни, 8 сәуірдегі 22:35-те анықталған коронавирустық инфекция жұқтырған 9 науқастың барлығы да – Шиелі ауданынан екендігі анықталды. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
«Ауру жұқтырған 9 науқастың барлығы Шиелі ауданында тіркелді. Олардың үшеуі – ер адам, алтауы – әйел адам. Ең жасы – 2012 жылғы қыз бала, ең үлкені – 1944 жылғы ер адам. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген алгоритмге сәйкес науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда», – деп мәлімдеді аталған басқарманың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың саны 85 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.
Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 9, Жаңақорған ауданында – 16 жағдай, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 47, Сырдарияда – 7, Арал ауданында – 2 жағдай тіркеліп отыр.
09 сәуір 2020 ж. 992 0