№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Бишілер бабында

Бишілер бабында

Алматы қаласындағы өнер ордасында ұйымдастырылған «Армысың ару-нұр көктем» атты Республикалық онлайн өнер байқауына Арман мәдениет үйінің «Шашу» би үйірмесінің өнерпаздары қатысып, бірінші орын иеленді.

Осыған дейін, облыстық «Боз­торғай» балалар шығарма­шылы­ғына арналған республикалық «Берекелі алтын күз» «Жұлдызды қолтаңбаға» сайыстарына қатысып жүлделі орын­дардан көрініп жүрген бишілердің бағындырар биіктері көп.
– Құрамында 16 биші бар. Бишілердің жасы 8-12 аралығы болса да нағыз шеберлер. Бишілер ұлттық өнерге жанашырлар. Олардың әрбір қимылдары мен құлшыныстары, тал­май еңбектенуі бізге де зор шабыт береді. Біздің өнерпаз өрендердің лі де болса биіктерден көрінетініне сенемін, – топтың жетекшісі Толғанай Әлеудин.
Би өнері үнемі ізденісті талап етеді. Қимыл қозғалыстың өзі музыкамен үндесіп, билеген жанға да көрерменге де тұтас бір әлемді көз алдыңа әсерлеп көрсетіп, көзіңді тойдырады. Биге де деген махаббат әдемілікке ұмтылдырады. Бірдей қозғалыс пен әдемі қимылды үйлестіре білген бишілерімізге алдағы уақытта да сәттілік тілейміз.

Әйгерім МЫРЗЕХМЕТОВА

15 сәуір 2021 ж. 962 0